link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары

жарияланым күні: 04.01.2007

"Бесiкке салу"

Номиналы - 500 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының фонында бесікке бала бөлеп отырған әйелдің суреті салынған. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕСІККЕ САЛУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2006" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. (Күмістен жасалған монетада суреттің сол жағында монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.


"Тұсау кесу"

Номиналы - 500 теңге.

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының аясында баланың алғашқы қадам жасауына байланысты дәстүр – "Тұсау кесу" дәстүрінің эпизоды бейнеленген. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "ТҰСАУ КЕСУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. (Күмістен жасалған монетада суреттің сол жағында монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба, оң жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.


"Қыз қуу"

Номиналы - 500 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

   

На лицевой стороне (аверсе) монет в центральной части на орнаментальном фоне изображен герб Республики Казахстан. В нижней части  число "500" и надпись "ТЕҢГЕ" обозначающие номинал монеты. В левом и правом секторе зеркально изображен элемент национального орнамента. По окружности надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" на государственном языке и "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" на русском языке. Надписи разделены точками.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны "Қыз қуу" эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚЫЗ ҚУУ" деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген.  (Күмістен жасалған монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925  31,1gr." деген жазу, шабандоз қыз суретінің оң жағында Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.


"Беташар"

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа  шығарылды.

    

Монетаның беткі жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) "Беташар" (қалыңдықтың бетін ашу дәстүрі) ұлттық салт-дәстүр эпизоды бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕТАШАР" деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және оның сынамын және массасын, монетаның қандай металдан дайындалғанын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба орналастырылған.

Монетаның беткі жағындағы және сыртқы жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

«Отау көтеру»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы  5 тамызда айналысқа шығарылды

    

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында сан «500» және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол және оқ жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жаңа отбасының бақыты үшін жаңа отауды – киіз үйді тігу кезіндегі шаңырақты (киіз үйдің төбесін) көтеру кезі бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «ОТАУ КӨТЕРУ» (жаңа отбасын, жаңа ошақ құруды, үйленуді білдіреді) деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан күмістен жасалған монетаның оң жағында оған қоса дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар.

Ескерткіш монеталар сынамы 925 күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,  «proof» сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

«Айтыс»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қыз бен жігіт арасындағы айтысу сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мемлекеттік тілде «АЙТЫС» деген жазу бар, сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан (күмістен ����асалған монетаның оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу) бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана. 

 

«Наурыз мейрамы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 20 наурызда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі. Күміс монетаның сол жақ бөлігінде  монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018