1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесі

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі Кеңес – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік - кеңесші орган

Кеңес Міндеті:

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жүйелік тәуекелдерді анықтау мәселелерін қарастыру және осындай тәуекелдерді азайтуға бағытталған шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу.

Кеңес Функциялары:

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі Кеңес міндетті түрде келесідей шараларды қабылдауға байланысты мәселелерді алдын ала қарастыруды жүзеге асырады:

1) қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциалдық саясатты іске асыру шаралары бойынша;

2) Ұлттық Банктің, Үкіметтің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттіктің қаржы дағдарысының туындауын болдырмау және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шаралар кешені бойынша;

3) мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін ала жүретін төлем қабілеті жоқ банкті реттеу шаралары бойынша, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттік қатысу бойынша;

4) Екінші деңгейдегі банктерді сауықтыру жөніндегі шараларды, оның ішінде Ұлттық Банктің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша.

Кеңес қаржылық тұрақтылықты және оның құзыреті шеңберінде Кеңестің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мәселелерді қарастырады.

Кеңес Құрамы:

  • Кеңес Төрағасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының Орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
  • Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасының қаржы Министрі;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрі.

Кеңестің жұмыс органы Ұлттық Банк болып табылады.

Жоғарыға