Ұлттық Банк UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталарын сатуға шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 23 сәуірде «Спорт» сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатыла бастайтынын хабарлайды.
Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925. Жоғары бедер мен алтын жалатуда жаңа технология қолданылған. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof, номиналы – 100 теңге.
Монетаның таралымы – 2 500 дана. Оның 1 500 данасы Қазақстанның ішкі нарығында ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы және 1 000 данасы сыртқы нарықта (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) өткізіледі.
Қосымша айта кетейік, су тасқыны тудырған елдегі қолайсыз жағдайға байланысты сату жарияланған күні Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының барлығы бірдей монеталарды өткізе алмайды. Ол филиалдарда UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары жағдай тұрақталған кезде сатыла бастайды.
Монетаның бейнесі
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz