1960 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты.
1982 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін (мамандығы – саяси экономия), 1987 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 жылы экономика және қаржы магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон Университетін бітірген.
М.Ломоносов атындағы ММУ-ды бітірген соң 1982 жылғы тамыздан бастап 1993 жылғы наурыз аралығында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметпен айналысқан.
- 1993 жылғы қыркүйектен бастап 1996 жылғы тамыз аралығында Лондондағы (Ұлыбритания) Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің стажер-зерттеушісі және арнайы қызметкері болып жұмыс істеген.
- 1996 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болған.
- 1998 жылғы сәуірден бастап 2000 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
- 2000 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы маусым аралығында «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген.
- 2002 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне жетекшілік етті.
- 2004 жылғы қаңтардан бастап 2009 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымын атқарды.