1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Атырау филиалының Әкімшілік ғимараты мен ғимараттарын күрделі жөндеуді техникалық қадағалау қызметін сатып алу

№ п/п: 13669

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.07.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.07.2020 16:00

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а., баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Атырау филиалының Әкімшілік ғимараты мен ғимараттарын күрделі жөндеуді техникалық қадағалау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, ҚҚС-сыз 5 119 035,00 (бес миллион жүз он тоғыз мың отыз бес) теңге 00 тиын.

Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: техникалық қадағалау қызметі.

Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): қоса тіркеледі.

Қызмет үлгілерін тестілеу бағдарламалары (ол бар болса): жоқ.

Қызметті көрсету орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а.

Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімдері: басынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы 24 шілде, сағат 9:00

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2020 жылғы 30 шілде, сағат 16:00,

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, 206 кабинет.

Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2020 жылғы 01 тамыз, сағат 10:00, 206 кабинет.

Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса тіркеледі.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс ету аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алу атауын көрсетеді.

Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай (ол бар болса) құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) жарамды рұқсат (хабарлама);
  • Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
  • Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
  • Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).

Жүргізілген сатып алулар қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің https://nationalbank.kz/ интернет-ресурсында орналасатын болады.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7122) 556518.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға