1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары – ұстаушыға жинақтау үшін сақтауға немесе кіріс алу мақсатында сатып алу және сату бойынша операцияларды жасауға мүмкіндік беретін өтімділігі жоғары қаржы құралы. Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары шикізатынан бастап соңғы дайындаушыға дейін жүз пайызды Қазақстан өнімі болып табылады. Ұлттық Банк пен Теңге сарайы «төрт тоғыз» сынамасы бар алтын құймаларының жоғары сапасына кепілдік береді.

САТУ ЖӘНЕ КЕРІ САТЫП АЛУ:

  • Қазақстан Халық Банкі;
  • Еуразиялық банк;
  • Jysan Bank;
  • Банк ЦентрКредит;
  • Уәкілетті ұйымдар (банктік емес айырбастау пунктері).

СИПАТЫ:

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары бес түрде:

5, 10, 20, 50 және 100 грамда ұсынылды. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған: айнадай беті, микромәтін және бедерлі гурт (бүйірі).

Құймалар арнайы қаптамада шығарылады, ол сапа сертификаты да болады және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайды. Бірегей қорғаныш қаптамасы қаптаманың ашылғанын немесе ашылмағанын оңай анықтауға мүмкіндік береді. Клиент ультракүлгін сәуле арқылы қорғаныш қаптамасының түпнұсқалығын оңай тексере алады. Ультракүлгін сәуленің әсерінен люминесцентті жазулар қорғалған (ашылмаған) қаптамада мөлдір терезе арқылы пайда болады, олар қаптама ашылған жағдайда өзгереді. Құймаларды тұтас қорғаныш қаптамасында сақтау ұсынылады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • өтімділігі жоғары;
  • салымдардың ұзақ мерзімді түрі;
  • инфляция мен экономикалық дағдарыстардан қорғайды;
  • клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, кері сатып алу (қорғаныш қаптамасының тұтастығы сақталған жағдайда).

БЕТ ЖАҒЫ:

Жоғарғы жағында – сақтардың жануарлар стиліндегі бұғы бейнесі, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазуы бар.

Төменгі жағында – Қазақстан теңге сарайының логотипі мен құйма нөмірі бар.

Ортасында – «АЛТЫН» және «ЗОЛОТО» жазулары, масса таңбасы, металдың тазалығын білдіретін 999,9 цифры бар.

СЫРТ ЖАҒЫ:

Жоғарғы жағында – Ұлттық Банктің логотипі.

Ортасында – қанатты барыстың айшықталған мүсіні.

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймасын сату және сатып алу жөніндегі ақпарат

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 5 грамм

 

  • Массасы: 5 гр.
  • Ені: 14,1 мм
  • Ұзындығы: 24,2 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 10 грамм

 

  • Массасы: 10 гр.
  • Ені: 15 мм
  • Ұзындығы: 25,8 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 20 грамм

  • Массасы: 20 гр.
  • Ені: 17,4 мм
  • Ұзындығы: 30 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 50 грамм

  • Массасы: 50 гр.
  • Ені: 22 мм
  • Ұзындығы: 37,9 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 100 грамм

  • Массасы: 100 гр.
  • Ені: 32 мм
  • Ұзындығы: 55 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9
Жоғарыға