Базалық мөлшерлеме бойынша шешім жылына 8 рет Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетімен қабылданады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер ағымдағы макроэкономикалық жағдайды және экономиканың одан әрі даму перспективаларын талдау негізінде қабылданады.
Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет шешім нәтижелері бойынша тиісті қаулы қабылдайды.
Шешімнен кейін шешім қабылдаудағы негізгі факторлар сипатталған базалық мөлшерлеме туралы пресс-релиз жарияланады.
Жылына 4 рет (тоқсанына бір рет) базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер болжамды раундтың нәтижелеріне негізделеді, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, ең алдымен инфляцияның, орта мерзімді кезеңге (алдағы 7 тоқсан) болжамы жүзеге асырылады.
Ағымдағы және болжамдық бағалау нәтижелері, сондай-ақ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерінің негіздемесі «Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» басылымында беріледі.
Ақша-кредит саясаты туралы баяндама Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі байланыс құралы болып табылады және базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданғаннан кейін жарияланады. Бұл құжатта инфляцияға әсер ететін негізгі макроэкономикалық факторлардың талдауы, макроэкономикалық параметрлердің қысқа және орта мерзімге болжамдары, сондай-ақ базалық мөлшерлеме бойынша шешімдердің негіздемесі келтірілген. Басылым 2004 жылдан бастап тоқсан сайын шығады.