Ұлттық Банктің макроэкономикалық пiкiртерiмі

Ұлттық Банк 2022 жылғы тамызда макроэкономикалық пікіртерімді жариялауға кірісті.

Макроэкономикалық пікіртерімді жүргізу Ұлттық Банктің нарықтағы кәсіби қатысушылармен коммуникацияларын жақсартуға бағытталған. Сарапшылар қауымдастығымен диалог орнату реттеуші мен нарық арасындағы ақпараттық асимметрияны азайтуға бағытталып отыр.

Пікіртерімге Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысады. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді. Келешекте тізім кеңейтілуі мүмкін.

Макроэкономикалық пікіртерімде Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайды. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.

Пікіртерімді базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер алдында жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда.

Пікіртерім нәтижелері: 2022 жылғы қараша
(жақшада 2022 жылғы қазандағы пікіртерім нәтижелері көрсетілген)

Көрсеткіш

2021
(факт)

2022

2023

2024

Brent маркалы мұнай бағасы
баррель үшін АҚШ доллары
жылына орта есеппен

71,1

100,0

(100,0)

87,5

(85,0)

78,5

(75,6)

ЖІӨ
%, ж/ж

4,1

3,0

(3,0)

3,8

(3,8)

4,0

(4,0)

ТБИ
%, желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға

8,4

19,0

(18,5)

11,2

(11,0)

8,0

(8,0)

Базалық мөлшерлеме
жылдық %, жылына орта есеппен

9,2

13,9

(13,9)

12,4

(12,4)

9,5

(9,8)

Тауарлар мен қызметтер экспорты
жылына млрд АҚШ доллары

66,2

84,5

(83,3)

87,2

(86,2)

88,0

(88,0)

Тауарлар мен қызметтер импорты
жылына млрд АҚШ доллары

47,3

53,4

(52,5)

54,1

(55,4)

57,0

(57,0)

USD/KZT курсы
жылына орта есеппен

426,0

463,1

(462,7)

490,1

(494,7)

505,1

(501,6)

Бейтарап базалық мөлшерлеме*
жылдық %

9,0

(8,5)

ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді өсуі**
%, ж/ж

3,7

(3,5)

*Ақша-кредит саясаты ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияны және инфляциялық күтулерді мақсатта және ЖІӨ-ді әлеуетті деңгейде ұстап тұратын базалық мөлшерлеме деңгейі
**Алдағы 5 жылда күтілетін әлеуетті ЖІӨ-нің орташа өсу қарқыны

Макроэкономикалық пікітерім мәселелері бойынша macroforecast@nationalbank.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.

485.05 Кб
Жарияланған күні:
487.24 Кб
Жарияланған күні:
597.8 Кб
Жарияланған күні:
181.67 Кб
Жарияланған күні:
482.1 Кб
Жарияланған күні:
181.23 Кб
Жарияланған күні:
64.44 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға