1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сауалнамаға өту

Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері электрондық/қағаз нысанында Ұлттық Банкінде немесе оның аумақтық филиалдарында көрсетіледі, сондай-ақ «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан «электрондық үкімет» порталы арқылы Интернет желісіне қолжетімділігі болған кезде (www.egov.kz) Ұлттық банктің қандай да бір мемлекеттік қызмет көрсетуіне өтініш беруді жүзеге асыра алады.

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәліметтер беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында белгіленеді.

 Көрсетілетін қызметті алушы келесіні білу қажет!

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында өз құқықтарын білу тиіс. Атап айтқанда:

1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы;

7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқығы бар.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру барысында:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;

2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;

3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты қолжетімді түрде ұсынуға;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға;

5) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарастыруға және оларды қарастыру нәтижесі туралы хабарлауға;

6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

7) бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

9) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;

10) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алуға;

11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға міндетті.

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

 Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А» мекенжайы бойынша;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Мыналардың:

  1. жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
  2. заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

 

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.  

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Мемлекеттік қызметтер тізілімінде ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кімге бағдарланғаны (заңды/жеке тұлғалар), ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылығы/тегіндігі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) туралы ақпарат бар.

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызметі туралы есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызмет туралы есеп жыл сайын орталық мемлекеттік органдарымен «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Бұл есепте көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін жетілдіру бойынша қызмет, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келешектегі тиімділігін және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылығын көтеру бойынша ақпарат көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс телефондары

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшелері мен аумақтық филиалдарының байланыс деректері.

 

Жоғарыға