1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕАБ) алты мемлекеттің (Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Жапония) мемлекетаралық келісімдерінің және аталған мемлекеттердің Швейцариямен жасаған конвенциясының негізінде 1930 жылы негізі қаланған және Швейцария мемлекеті аумағында қызмет етеді.

ХЕАБ қор ретінде және қор мен Европалық Одаққа мүше елдердің орталық банктері арасындағы төлем айырысулары үшін клирингтік палата ретінде қызмет атқарады. Сондай-ақ ХЕАБ халықаралық үкіметтік қарыздарды беруде де сенімгер қызметін атқарып,  халықаралық банкинг саласында зерттеулер жүргізеді. Ерекше жағдайларда ХЕАБ-қа мүше емес орталық банктерге несие береді.

ХЕАБ құрамында орталық банктерге аналитикалық ақпарат ұсыну және саяси мәселелер бойынша қолдау көрсету мақсатында тұрақты түрде комитеттер қызмет:

  • Банктік қадағалау жөніндегі Базельдік комитет
  • Жаһандық қаржы жөніндегі комитет
  • Төлем және нарық инфрақұрылымдары жөніндегі комитет
  • Нарықтар бойынша комитет
  • Орталық банктерді басқару форумы
  • Ирвинг Фишер атындағы Орталық банктердің статистикасы комитеті.

Қазақстан Ұлттық Банктің басшылығы жыл сайынғы Халықаралық есеп айырысу банкінің жалпы жиналысына тұрақты негізде қатысады.

Жоғарыға