1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Біріккен Араб Әмірліктері

2014 жылғы 27 қазанда қол қойылған Қазақстан Ұлттық Банкі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкі арасындағы ынтымақтастық іске асырылуда. Бұл Меморандум екі елдің орталық банктері арасындағы қаржылық қадағалау және исламдық қаржыландыру салаларында ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы Меморандумның құқықтық мирасқоры болып табылады.

Катар

Қазақстан Республикасы Президентінің Катар мемлекетіне жасаған 2015 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында, қаржылық реттеу  мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мен Катардың қаржы орталығын реттеу агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы Меморандумның құқықтық мирасқоры болып табылады.

Жоғарыға