1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Азия Даму Банкі (АДБ) – 68 мүше ел кіретін көптарапты қаржылық даму институты болып табылады, оның 49 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінде, 19 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінен тыс жерде орналасқан. АДБ-ның ауқымды мақсаты – кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдердің халқының кедейлікте өмір сүретін бөлігіне жәрдем көрсету мақсатында экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қолдау жасайды. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды. Штаб-пәтері Манила қаласында орналасқан. АДБ-ның 31 кеңселері бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді.

АДБ-ның негізгі құралдары нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүше елдердің үкіметіне қарыздар мен кепілдіктер беру және техникалық көмек көрсету болып табылады.

2004 жылы Ұлттық Банк және АДБ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға сәйкес АДБ Қазақстан Ұлттық Банкіне «Қаржы секторын басқару» атты техникалық көмек көрсетті.

Жоғарыға