1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹140 28/04/2023

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 206,6 трлн теңге сомаға 17,8 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 15,3% (2,4 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 22,9% (38,5 трлн теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2022

15 423,4

168 083,6

2023

17 780,4

206 613,2

Өзгеріс, %-бен

15,3%

22,9%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында БААЖ арқылы барлығы 204,3 трлн теңге сомаға 5,6 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлемдер саны 18,2%-ға (870,8 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 23,0% (38,3 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3,5 трлн теңге сомаға 95,7 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда саны бойынша 14,2% (11,9 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 18,9% (0,5 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2022

барлығы

4 777,8

166 051,7

орташа алғанда бір күнде

83,8

2 913,2

2023

барлығы

5 648,6

204 325,1

орташа алғанда бір күнде

95,7

3 463,1

Өзгеріс, %-бен

барлығы

18,2%

23,0%

орташа алғанда бір күнде

14,2%

18,9%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек төлемдер ағыны 2,3 трлн теңге сомаға 12,1 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 14,0% (1,5 млн құжат), төлемдер сомасы 12,6% (256,2 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 38,8 млрд теңге сомаға 205,6 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 10,1% (18,9 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,8% (3,1  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2022

барлығы

10 645,6

2 031,9

орташа алғанда бір күнде

186,8

35,6

2023

барлығы

12 131,8

2 288,1

орташа алғанда бір күнде

205,6

38,8

Өзгеріс, %-бен

барлығы

14,0%

12,6%

орташа алғанда бір күнде

10,1%

8,8%

 

Жоғарыға