1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹139 27/03/2023

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 140,7 трлн теңге сомаға 11,6 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 17,1% (1,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 29,3% (31,9 трлн теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-ақпан

саны

көлемі

2022

9 869,6

108 800,1

2023

11 554,5

140 710,2

Өзгеріс, %-бен

17,1%

29,3%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында БААЖ арқылы барлығы 139,3 трлн теңге сомаға 3,4 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 19,8%-ға (564,5 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 29,5% (31,7 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,5 трлн теңге сомаға 85,4 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда саны бойынша 11,2% (10,4 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 22,9% (0,7 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-ақпан

саны

көлемі

2022

барлығы

2 852,1

107 554,5

орташа алғанда бір күнде

75,1

2 830,4

2023

барлығы

3 416,6

139 291,7

орташа алғанда бір күнде

85,4

3 482,3

Өзгеріс, %-бен

барлығы

19,8%

29,5%

орташа алғанда бір күнде

13,8%

23,0%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек төлемдер ағыны 1,4 трлн теңге сомаға 8,1 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 16,0% (1,1 млн құжат), төлемдер сомасы 13,9% (172,9 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 35,5 млрд теңге сомаға 203,4 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 10,2% (18,8 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,2% (2,7  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-ақпан

саны

көлемі

2022

барлығы

7 017,5

1 245,6

орташа алғанда бір күнде

184,7

32,8

2023

барлығы

8 137,9

1 418,5

орташа алғанда бір күнде

203,4

35,5

Өзгеріс, %-бен

барлығы

16,0%

13,9%

орташа алғанда бір күнде

10,2%

8,2%

 

Жоғарыға