1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Молдабекова Әлия Мейірбекқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

1976 жылғы 4 мамырда Алматы қаласында туылды.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтады. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика кафедрасының ассистенті ретінде бастады.

2001 жылғы маусымнан бастап 2003 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының жетекші талдаушысы, Портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бас талдаушысы.

2003 жылғы тамыздан бастап 2012 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, Дилинг операциялары басқармасының бас дилері, Талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы.

2012 жылғы желтоқсаннан бастап 2015 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары.

2015 жылғы қазаннан бастап – Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры, 2016 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылымының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Монетарлық операциялар департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Кұрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астана 20 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төске тағатын белгісімен марапатталған. Бірнеше рет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының Алғысхатын алды.

Жоғарыға