1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

1977 жылғы 16 тамызда Алматы қаласында туылды. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит (банк ісі)» мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады және Executive Master of Business Administration  Nazarbayev University дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1998 жылы  Ұлттық Банктің Бухгалтерлік есеп департаменті бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасының жетекші экономисі ретінде бастап, Ұлттық Банктің бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызметін жалғастырды.  

2003-2007 жылдар аралығында – Ұлттық Банктің Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті  директорының орынбасары, Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы.

2007-2011 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та бөлшек бизнес, операциялық мәселелер және IT-жобаларын ендіру саласында басшы лауазымдарында жұмыс істеді.

2011-2017 жылдары Ұлттық Банкте бірқатар басшы лауазымдарын атқарды: Төрағаның кеңесшісі, Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры, Монетарлық операциялар департаментінің директоры. Алтын валюта автивтері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға және ақша-кредит саясатын іске асыруға жауапты болды.

2011-2014 жылдары - «Қазақстан қор биржасы» АҚ Биржалық кеңесінің (Директорлар кеңесінің) мүшесі. 

2017 жылғы маусымнан бастап 2019 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Ұлттық Банкінің «Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқармасының Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2019 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы желтоқсан аралығында – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының бірқатар мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төске тағатын белгісімен марапатталды. ҚР ҰБ Төрағасының Алғысхатын алды.

Жоғарыға