1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.  

KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары туралы

Ежелден садақ көшпенділердің негізгі қаруы ретінде қолданылып, спорттық және бәсекелестік рухтың нышаны саналған.

KÓSHPENDI SADAǴY монетасының реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал монетаның жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде   ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген.  Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі және монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан.

KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана. 

Монеталардың бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстандық теңге сарайында жасалған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері төмендегі телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға