1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы   

2022 жылғы 4 қарашада Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. 

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады. 

MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

Монета Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шығарылды.

Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – КСРО Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін «1922» және «2022» деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде «Кеңес Одағының Батыры» деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 данада.

Коллекциялық монеталар белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.  

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалған.  

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға