1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2022 жылғы 2 желтоқсанда «Спорт» монеталар сериясынан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Бұл монеталар ҚҰБ, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталары туралы

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми слоганы EXPECT AMAZING стадионның электрондық таблосындағы жазу стилінде жасалған. Монетада рельефті орташа деңгейде алтын жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монеталық өндірісте алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оның алтын жалатылған бөліктері футбол қақпасының тор деңгейінен төмен орналасқан.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталары алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 000 (төрт мың) дана. Ішкі нарық үшін монеталардың таралымы 3 650 дана, сыртқы нарық үшін 350 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға