1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Базалық мөлшерлеме мен қазіргі ақша-кредит саясаты туралы Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың негізгі тезистері

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаудағы факторлар туралы

Қазір команда біздің болжамдарымызды қайта жаңарту тұрғысында жұмыс істеп жатыр. Осы болжамдық раундтың қорытындысы бойынша деректер мен бірқатар макроэкономкалық факторларға сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Қажеттілік туындайтын болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз. Ол шешімді 5 желтоқсанда жариялаймыз. Біз қашан да шешім қабылдарда негізгі макроэкономикалық параметрлер бойынша болжамдарды, инфляциялық күтулерді және басқа да факторларды назарға аламыз.

Базалық мөлшерлеме төңірегіндегі пікірталас туралы

Жалпы, өз басым базалық мөлшерлемеге қатысты пікірталастың кәсіби ортада болғанын құптаймын. Біздің шешімдеріміздің түпкі мәнін нарықтағы кәсіби қатысушылардың күннен күнге түсіне бастағанын көріп отырмын. Мөлшерлемені тым төмен деңгейде дейтіндер де, керісінше, оны тым жоғары көретіндер де бар. Дегенмен, кәсіби ортадағы пікірталастарға қарап, ақпараттандырылудың әлдеқайда жоғары екенін байқап отырмыз. Біз бұны құптаймыз.

Сонымен бірге, 11 зерттеу ұйымы қатысатын кәсіби макроэкономистер арасында тұрақты сауалнама жүргізуді де қолға алдық.

Контрциклдік бюджеттік ереже туралы

Ауқымды жұмыстар атқарылды, 2023 жылдан бастап күшіне енетін бюджеттік ереже бойынша бюджет кодексіне өзгерістер қабылданды. Бюджеттік ереженің екі негізгі элементі бар: бұл кепілдендірілген трансферт – өте консервативті деңгейдегі мұнайды кесу бағасымен шектеледі және бюджеттің жалпы шығыстары экономиканың өсу трендіне және инфляцияға байланысты шектеледі. Бұл фискалдық және ақша-кредит саясатын жақсы үйлестіру үшін институционалдық база құрады.

Ақша-кредит саясатын күшейту туралы

Ақша-кредит жағдайларын күшейте отырып, біз келешек күнге көбірек мән береміз, себебі, қазіргі жоғары инфляциялық күтулер тұрақтап қалмауы керек.

Валюта нарығындағы жағдай туралы

Биыл айналамызда белгісіздік көп, бірақ соған қарамастан біз жеткілікті дәрежеде әрі ұқыпты әрекет еттік. Біз нарықпен ашық коммуникация орнатып, валюта нарығында жасалып жатқан істердің барлығын ашып көрсетеміз.

Бізде еркін жүзетін айырбас бағамы саясаты бар. Біз оны қатаң ұстанамыз. Еркін жүзетін айырбас бағамы сыртқы күйзелістерді абсорбциялауға мүмкіндік береді, сондықтан ол сыртқы қысыммен немесе ішкі күйзеліспен өзгеруі мүмкін.

Цифрлық теңге туралы

Бұл мәселеде біз мейілінше алға қарай жылжыдық. Цифрлық теңгені енгізуге қатысты шешімді Президент қабылдайды. Біз таңдайтын дизайн бойынша шешімдер инновацияларды дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүддесін қорғау, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оңтайлы деп есептейміз. 

Жоғарыға