1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы

2021 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

Алынған бағалаудың нәтижесі бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік екінші ай қатарынан төмендеп келеді. 2021 жылдың қаңтар айында индекс 48,4 (2020 жылғы желтоқсанда – 49,0) болды.

Индекстің төмендеуі, көбіне, өнеркәсіптегі көрсеткіштің азаюына байланысты болды, бұнда көрстекіш төмендеу аймағына өтіп, 49,4-ті құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 50,3 болған). Қызмет көрсету секторында да индекстің 47,4-ке (2020 жылғы желтоқсанда – 48,0) дейін төмендеуі байқалады. Ал құрылыстағы іскерлік белсенділік өсу аймағына қайта оралып, 51,1 (2020 жылғы желтоқсанда – 49,5) құрады.

Өңірлер бойынша қаңтарда іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Қостанай (59,6) мен Солтүстік Қазақстан (55,1) облыстарында, анағұрлым төмен деңгейі Жамбыл (43,1) мен Түркістан (44,7) облыстарында байқалды.

Нақты сектор кәсіпорындары қаңтарда бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын жалпы теріс бағалады: оң және теріс бағалау арасындағы жауаптар балансы ()2,6 шегінде қалды. Қазіргі жағдайдың нашарлауы, көбіне, сұраныс пен салық жүктемесінің әсерінен болды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айға күтулері анағұрлым оптимистік көзқараста: болашақ жағдай бағалауы 15,1 құрады. Нәтижесінде қаңтарда бизнес-ахуал индексі 6,0 болды.

2021 жылғы қаңтарда сауалнамаға 456 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 66, өнеркәсіпте – 172, қызмет көрсетуде – 218.

Толығырақ

Жоғарыға