1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық валюта – теңгенің циркуляциялық монеталарының айналымдағы тәртібі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) ұсақ номиналды (1, 2, 5 теңгелік) циркуляциялық монеталарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тарту фактілеріне байланысты айналымдағы Қазақстан Республикасының ақша белгілері – банкноталар мен монеталардан тұратынын еске салады.

Монеталар циркуляциялық (халық күнделікті есеп айырысуда пайдаланады), коллекциялық және инвестициялық болып бөлінеді. ҚҰБ-тың циркуляциялық монеталарын сату және сатып алу олардың белгіленген құнына қарай жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысындағы циркуляциялық монеталардың мынадай номиналдары пайдаланылады: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңге.

Олар заңды төлем құралы болып табылады. Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банктік шоттарға есептеу және аудару үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті. Барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы («Қазпошта» АҚ) шексіз көлемде ұсақтайды және айырбастайды.

Ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнымен қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапқа әкеп соғады.

ҚҰБ ұлттық валюта – теңге монеталарының жалғыз эмитенті саналады. Қазақстан монета сарайы циркуляциялық, инвестициялық және коллекциялық монеталарды тек қана ҚҰБ тапсырысымен дайындайды.

Ұлттық валюта монеталарының дизайнын қоса алғанда, олардың толық сипаттамасымен ҚҰБ-тың ресми сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға