1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы сәуірдегі ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы деректерді жариялады.

2023 жылғы сәуірде елде жылдық инфляция баяулап, 16,8%-ды құрады (наурызда – 18,1%). Аймақ бойынша қарасақ, инфляция барлық өңірде бәсеңдеді.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді.

Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 17,9%-ға дейін (наурызда – 20,5%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (22,6%) барынша жоғары, ал Түркістан облысында (15,8%) мейілінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,2%-ға дейін біршама жеделдеді (наурызда – 18,1%). Ең жоғары мән Астана қаласында (26,4%), ең төмен мән Алматы облысында (16,2%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 13,7%-ға дейін баяулады (наурызда – 14,4%). Бұл ретте Ақмола облысында (17,6) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Астана қаласында (9,8%) айтарлықтай төмен өсті.

2023 жылғы сәуірде елде айлық инфляция 0,9%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда 0,6%) жоғары.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

582.62 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға