1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы төлем балансы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылға есепті төлем балансын қалыптастырды.

Төлем балансының ағымдағы шоты 8,5 млрд АҚШ долл. көлемінде профицитпен қалыптасты. 2021 жылы 2,6 млрд АҚШ долл. көлемінде тапшылық тіркелген болатын.

Ағымдағы шот сауда балансының жақсаруына байланысты теріс сальдодан оң аймаққа ауысып отыр. Оның профициті 36,4 млрд АҚШ долл. дейін жеткен және алдыңғы 2021 жылғы мәнмен салыстырғанда 12,1 млрд АҚШ долл. (50%-ға) айтарлықтай жақсарған. Профициттің өсуі тауар экспортының импорттың өсу қарқынынан асып түсуімен қамтамасыз етілді.

Тауар экспорты алдыңғы 2021 жылмен салыстырғанда 30,9%-ға өсіп, 86,1 млрд АҚШ долларына жетті. Ол тұрақты сыртқы сұраныспен және шикізатқа, атап айтқанда, мұнайға әлемдік бағаның жоғары деңгейімен қамтамасыз етілді.

Тауар импорты, өз кезегінде, аралық (19,7%-ға немесе 3,9 млрд АҚШ долл.) және азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарлары (33,1%-ға немесе 2,9 млрд АҚШ долл.) импортының ұлғаюы есебінен 19,7%-ға өсіп, 49,8 млрд АҚШ долл. жетті.

Тікелей шетелдік инвесторлардың кірісі де есепті кезеңде 10,8%-ға (немесе 2,5 млрд АҚШ долл.) өсіп, 25,3 млрд АҚШ долл. құрады. Тұтастай алғанда, тауар экспортының өсуі шетелдік инвесторларға төлемдердің ұлғаюымен қатар жүреді.

Қаржы шотында (резервтік активтерді қоспағанда) 6,2 млрд АҚШ долл. көлемінде оң сальдо қалыптасты. Бұл шетел активтерінің өсімі таза (нетто) негізде резиденттерге тән сыртқы міндеттемелердің көбейгенін білдіреді (2021 жылы 2,5 млрд АҚШ долл. көлемінде таза кіріс байқалған). Қаржы шотының оң сальдосы негізінен мемлекеттік сектордың операцияларымен қамтамасыз етілді.

Резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 35,1 млрд АҚШ долл. бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының 7,1 айдағы қаржыландыру қажеттілігін қамтиды.

Ұлттық Банк ағымдағы шоттың деректерін мұнай экспорты статистикасындағы кешігу шамасына түзеткенін хабарлайды. Мұнайды экспортқа нақты шығару мен оны кедендік статистикада көрсету арасында үш айға дейін кешігу бар. Төлем балансының әдіснамасы бойынша тауар экспортын қайта қарау 2005 жылы басталған деректерге қолданылды.

Сондай-ақ, қазақстандық төлем карточкаларын пайдалана отырып, интернет арқылы жүргізілген төлемдер туралы бағалау жүргізілді. Онда банк есебі негізінде көрсетілетін қызметтердің электрондық саудасы бойынша жеке тұлғалардың импорттық операциялары қамтылған. Мұндай қайта есептеулер 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Қосымша есептеулердің жиынтық көлемі 1,2 млрд АҚШ долл. құрады (2022 жылы 330 млн АҚШ долл.)

Белгіленген түзетулерді сыртқы сектор статистикасына енгізу – төлем балансы статистикасын жақсартып, «Қателер мен өткізу» бабын қысқартты.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 05
e-mail: press@nationalbank.kz,
www.nationalbank.kz

Жоғарыға