Ұлттық Банк Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады
Ұлттық Банк «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады. Конференция 2023 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласында өтеді.
Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптық бағыттар бойынша баяндамалар мен талқылаулар қамтылады:
- Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы:
- Қазақстан экономикасы үшін инфляция бойынша оңтайлы мақсат
- инфляция бойынша мақсатты қалыптастырудың оңтайлы сипаттамалары
- Жаһандық үрдістер және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсері
- Қазақстандағы ішкі инфляцияның сипаты және оның факторлары;
- Макроэкономикалық үйлестіру: Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциалдық саясаттардың өзара әрекеттесуі
Конференцияда Ұлттық Банктің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері бойынша жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.
Ұлттық Банк жоғары оқу орындары (профессорлық-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу орталықтарының зерттеушілерін Конференцияға қатысуға шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтінімді (1-Қосымша) зерттеу жұмысымен бірге akerke.kulshanova@nationalbank.kz электронды пошта мекенжайына «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен жіберуді сұрайды. Қаралымға аяқталған және жұмыс барысындағы зерттеулерді жіберуге болады. Конференцияда баяндама жасау үшін таңдалған авторларға алдын ала хабар беріледі.
1-Қосымша
«Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға берілетін өтінім формасы.
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
Жоғары оқу орны немесе зерттеу орталығы |
|
Қатысушының статусы (оқытушы, магистрант, докторант, зерттеуші) |
|
Зерттеу тақырыбы |
|
Байланыс телефоны |
|
|
|
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz