1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады

Ұлттық Банк «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады. Конференция 2023 жылғы сәуір айының үшінші он күндігінде Алматы қаласында өтеді.

Іс-шара бағдарламасында келесі тақырыптық бағыттар бойынша баяндамалар мен талқылаулар қамтылады:

  • Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы:
    • Қазақстан экономикасы үшін инфляция бойынша оңтайлы мақсат
    • инфляция бойынша мақсатты қалыптастырудың оңтайлы сипаттамалары
  • Жаһандық үрдістер және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсері
  • Қазақстандағы ішкі инфляцияның сипаты және оның факторлары;
  • Макроэкономикалық үйлестіру: Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциалдық саясаттардың өзара әрекеттесуі

Конференцияда Ұлттық Банктің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері бойынша жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Ұлттық Банк жоғары оқу орындары (профессорлық-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу орталықтарының зерттеушілерін Конференцияға қатысуға шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтінімді (1-Қосымша) зерттеу жұмысымен бірге akerke.kulshanova@nationalbank.kz электронды пошта мекенжайына «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен жіберуді сұрайды. Қаралымға аяқталған және жұмыс барысындағы зерттеулерді жіберуге болады. Конференцияда баяндама жасау үшін таңдалған авторларға алдын ала хабар беріледі.

 Қосымша

«Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға берілетін өтінім формасы.

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Жоғары оқу орны немесе зерттеу орталығы

 

Қатысушының статусы (оқытушы,  магистрант, докторант, зерттеуші)

 

Зерттеу тақырыбы

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

664.99 Кб
Жарияланған күні:
19.95 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға