1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдау туралы

Ұлттық Банк ұлттық валюта –  теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына орай «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. Конференция 2023 жылғы сәуір айының үшінші он күндігінде Алматы қаласында өтеді.

Конференция бағдарламасында келесі тақырыптық бағыттар бойынша баяндамалар мен талқылаулар қамтылады:

  • Ақша-кредит саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы:
    • Қазақстан экономикасы үшін инфляция бойынша оңтайлы мақсат
    • инфляция бойынша мақсатты қалыптастырудың оңтайлы сипаттамалары
  • Жаһандық үрдістер және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсері
  • Қазақстандағы ішкі инфляцияның сипаты және оның факторлары;
  • Макроэкономикалық үйлестіру: Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциалдық саясаттардың өзара әрекеттесуі

Конференцияда Ұлттық Банктің, халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері бойынша жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылады.

Ұлттық Банк жоғары оқу орындары (профессорлық-оқытушылық құрам, докторантура, магистратура студенттері) мен зерттеу орталықтарының зерттеушілерін Конференцияға қатысуға шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда 2023 жылдың 30 наурызына дейін өтінімді (1-Қосымша) зерттеу жұмысымен бірге akerke.kulshanova@nationalbank.kz электронды пошта мекенжайына «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен жіберуді сұрайды. Қаралымға аяқталған және жұмыс барысындағы зерттеулерді жіберуге болады. Конференцияда баяндама жасау үшін таңдалған авторларға алдын ала хабар беріледі.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

1-Қосымша

«Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға берілетін өтінім формасы.

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Жоғары оқу орны немесе зерттеу орталығы

 

Қатысушының статусы (оқытушы,  магистрант, докторант, зерттеуші)

 

Зерттеу тақырыбы

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

664.99 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға