1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда қолма-қол ақша айналымы мен Silk Road Cash and Payments Conference төлемдері бойынша конференция өтеді

27-29 наурыз күндері Алматыда Silk Road Cash & Payments Conference Конференциясы өтеді. Конференцияның тақырыбы – қолма-қол ақша айналымы және қолма-қол ақшасыз төлемдер. Шараны Currency Research компаниясы ұйымдастырады.

Silk Road Cash & Payments Conference қатысушыларға халықаралық ауқымдағы қолма-қол ақша айналымы, қолма-қол ақшасыз төлемдер және цифрлық активтер саласындағы үрдістер мен әзірлемелер туралы тәжірибе, білім алмасуға мүмкіндік береді.

Конференция екі параллельдік трек бойынша өтеді: қолма-қол ақша айналымы және есеп айырысу. Шетелдік орталық банктердің (Ұлыбритания, Германия, Малайзия, Таиланд, Нидерланд, Түркия, Грузия, Армения және т.б.), халықаралық қаржы ұйымдарының (Дүниежүзілік банк, Халықаралық есеп айырысу банкі), компаниялардың (Hueck Folien GmbH, JURA Group, Koenig & Bauer Banknote Solutions, Landqart, Hamilton Platform, Geldmaat, Buna, Visa, RTGS Global, Progressoft), екінші деңгейлі банктердің, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен төлем және инкассаторлық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Конференцияның бағдарламасымен және қатысу шарттарымен ұйымдастырушының сайтында танысуға болады.

Currency Research – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдердің заманауи үрдістеріне, шешімдерге және жоғары деңгейдегі кәсіби іс-шараларға маманданған әлемдік валюта индустриясы үшін нарықтық ақпарат пен талдаудың жетекші халықаралық провайдері.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға