1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекетаралық банк кеңесі отырысының қорытындысы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Мемлекетаралық банк Кеңесінің 65-отырысына қатысты. Іс-шарада Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан орталық банктерінің өкілдері де болды.

Кеңес мүшелері 2023 жылға арналған Мемлекетаралық банк жұмысының стратегиялық бағыттары мен одан әрі ұйымдастырушылық даму жоспарларын талқылады.

Отырыс барысында қатысушылар 2022 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары мен бюджеттің атқарылуын қарастырды, 2023 жылға арналған банк бюджетін бекітті, 2022 жылға арналған қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қорытындысын шығарды. Ішкі аудит қызметі туралы Ереже де бекітілді.

Мемлекетаралық банк кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы көктемде өтеді.

Мемлекетаралық банк 1993 жылы құрылған. ТМД-ға мүше елдердің халықаралық есеп айырысу және кредит-қаржы мекемесі болып табылады. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның үкіметтері мен орталық банктері – Банктің құрылтайшылары саналады. Мемлекетаралық банктің Армения, Беларусь және Қырғыз елдерінде өкілдіктері бар.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға