1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) әзірленгенін хабарлайды.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалғаны байқалады. Бұл Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты.

Жобада 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта екінші деңгейлі банктердің қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен әкетуге рұқсаты көзделген. Бұл ретте сома 2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша кассалардағы қалдық шегінде болуға тиіс. Рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында енгізіледі.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында, және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға