1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк салымшылардың теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты сұрақтарына жауап берді

Ұлттық Банктің сайтында Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты қазақстандық салымшылардың тарапынан түскен сұрақтарға жауап жарияланды.

Бағдарлама туралы Үкімет пен Ұлттық Банктің 2022 жылдың 24 ақпанындағы Бірлескен мәлімдемесінде айтылған болатын, мұнда жинақты теңгемен сақтайтын салымшылар үшін салым сомасының 10%-ы көлемінде мемлекеттен өтемақы немесе сыйақы төлеу қарастырылған. 

Бағдарламаның қолдану бойынша барлық мәселені реттейтін нормативтік-құқықтық акт жобасы әзірленіп қойды. Енді келісім алып, әрі қарай бекіту үшін Үкіметке жолданды. Жақын арада құжат бекітіледі және жарияланады деп күтілуде.  Осы құжат жобасының негізінде ҚҰБ сайтында салымшылардың Бағдарламаға қатысатын депозиттерді мерзімінен бұрын шешіп алу, толықтыру, жабу, өтемақы сомасын есептеу, салымдар мерзімін ұзарту туралы сұрақтарына алдын ала жауаптар топтастырылды.

Естеріңізге саламыз, Бағдарлама анағұрлым кең таралған келесі теңгелік салымдарға қолданылады:

  • жинақ депозиттері,
  • Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдар;
  • «Отбасы» банктегі салымдар,
  • мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы салымдар.

Бағдарлама ағымдағы және карталық шоттарға, сондай-ақ, талап етілгенге дейінгі және шартты депозиттерге қолданылмайды.

Депозиттің банкте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 24 ақпанына дейін, яғни бағдарлама жарияланған уақыттан бастап 12 айдан кем емес уақытта сақталуы – өтемақы төлеудің міндетті талабы болып табылады.

Алдын ала белгілі болған деректер бойынша, Бағдарлама қолданылатын шоттардың 93%-ы 3 млн теңгеден аспайтын салымдар, оның ішінде 84%-ы – 1 млн теңгеге дейінгі салымдар.

Осылайша, Бағдарлама теңгелік депозиттердің тартымдылығына қолдау көрсетуде салымшылардың қомақты бөлігін қамтиды.

Алдын ала бағалау бойынша, салымшыларға өтемақы төлеу жағынан шығын көлемі шамамен 550 млрд теңгені құрайды. Өтемақыға жұмсалатын шығын бюджет есебінен шығарылады және ол банктердің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірмейді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға