1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуде ҚР заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен өздеріне берілген лицензия негізінде банктік емес айырбастау пунктері ғана жүргізуге құқылы екенін хабарлайды.

Қолма-қол валюталарды жоғарыда көрсетілген валюта айырбастау пунктері арқылы айырбастау – қаржы қызметін пайдаланушылар құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс істеп тұрған банктік емес айырбастау пунктерінің мекен-жайы мен қосымша ақпараттарды ҚҰБ-тың сайтынан алуға болады.

Сондай-ақ, ҚҰБ тиісті лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу заңсыз кәсіпкерлік түріне жататындығын, ол үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 155, 463-баптарымен және ҚР Қылмыстық Кодексінің 214-бабымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Заңсыз делдалдар, оның ішінде интернет алаңдары мен әлеуметтік желілер арқылы айырбастау операцияларын жүргізуді ұсыну – заңсыз саналады және жалған монета жасаушылармен мәміле жасау қаупін тудырады.

ҚҰБ мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында валюта айырбастаудың, сол сияқты төлем карточкаларын пайдалану, онлайн-банкинг секілді балама түрлері де қарастырылған, олар әлдеқайда қолжетімді әрі 24/7 режимінде қауіпсіз қызмет көрсетеді.

Еске сала кетейік, қаржылық тұрақтылыққа төнер қауіп-қатердің алдын алу және спекулятивті қысымды төмендету мақсатында 2022 жылдың 14 наурызында «Қазақстан Республикасында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республкасы Президентінің Жарлығы қабылданған болатын.

Қазіргі таңда қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды, тұрғындар тарапынан сұранысқа қатысты дүрлігу байқалмайды.

Ел ішінде ішкі валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпалдасу мақсатында ҚҰБ екініші деңгейлі банктерді қажеттілігіне қарай қолма-қол шетел валютасымен қамсыздандырып отыр.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға