1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге гранттар беру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге грант беру ережесін бекітті.

Ереже байқаудың іріктеу процедурасын реттейді, процестің негізгі қатысушыларын, олардың рөлі мен функцияларын анықтайды, жұмыстарды бақылау және алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану тәртібін белгілейді.

Ұлттық Банк 2021 жылы 25 қаңтарда жарияланған Зерттеу бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша зерттеулерге грант беруді жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің дамуына, экономикалық саясаттың сын-тегеуріндерін түсінуді жақсартуға және макроэкономикалық дискурс деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Гранттар байқау негізінде беріледі. Зерттеу тақырыптарының тізімі, талаптары, таңдау шарттары, өтінімдер қабылдау мерзімі мен әдісі Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланады.

Грантқа академиялық, ғылыми және зерттеу ұйымдары, деректерді жинауға, сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдар өтініш бере алады. Зерттеу жүргізу үшін өтініш беруші тарап орындаушылар командасын жасақтайды. Байқауға қатысу үшін өтінім беруші ұйымға ұсынылған зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, оны өткізу жоспары, күтілетін нәтижелер, зерттеушілердің біліктілігі туралы ақпарат, сондай-ақ негіздемесі мен шығын сметасы көрсетілген өтінім жіберілуі керек.

Грант беру туралы шешімді грант ұсыну бойынша комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Байқау алды іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындылары негізінде қарастырылады.

Ереженің толық мәтінімен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға