1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

1. Айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға берілетін лицензия

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш порталда тіркелген күннен бастап:

лицензия берген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқаларын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырады.

Жұмыс кестесі

Порталдікі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жарғының электрондық көшірмесі;

3) Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;

4) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;

5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;

2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымға төленгені туралы электрондық құжат.

Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға берілген лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;

2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған;

6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.

Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жоғарыға