1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

500 теңге

2017 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 22.11.2017

Өлшемі:130х67

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – Каспий теңізі үстінен ұшып келе жатқан шағалалар, Қазақстан картасының сұлбасы.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 130х67

Бет жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), мемлекеттік әнұранның ноттары, ашық алақан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – Каспий теңізі үстінен ұшып келе жатқан шағалалар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің ғимараттары, Қазақстан картасының сұлбасы.

Назар аударыңыздар: «2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 207 қаулысына сәйкес 2006 жылғы номиналы 500 теңгелік банкноттар 2006 жылғы 10 маусымнан бастап төлем құралы болуын тоқтатты.

2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан  банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.

  

ӨЗГЕРТІЛГЕН ДИЗАЙНМЕН 1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2002

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – көк. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер (банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі және "500" саны) қолданылған.

Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

 

1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 01.09.2000

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер ("Қазақстан" деген жазуы және "500" саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио) қолданылған.

Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

 

1994 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 27.07.1994

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2001 жылғы 1 қыркүйектен   бастап ақша айналысынан алынды.  Осы банкноттарды айырбастау  2012 жылғы 31 тамызда аяқталды.

Жоғарыға