1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

10 000 теңге

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2023

Көлемі: 145х70 мм

Бет жағы: басым түсі – көк-күлгін. Негізгі бейнелері – Қазақстан елтаңбасы бейнеленген монета және «Мёбиус жолағы», А (Абай), Ж (Жетісу) және Ұ (Ұлытау) бас әріптерімен белгіленген облыстары бар Қазақстан Картасы.

Сырт жағы: басым түсі – көк-күлгін. Негізгі бейнелері – "Теңге" белгісі бейнеленген монета және "Мобиус лентасы", еуразиялық континентінің картасында Қазақстанның мемлекеттік шекарасының контуры.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 01.12.2016

Өлшемі: 149х79 мм

Таралымы: 100 000

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің бөлігі – «Өмір ағашы», астананың көрінісі бар голографиялық металл жолақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі.

Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті, артқы көріністе Қазақстан картасының сұлбасы, Астана қаласының ғимараттары, олардың ішінде «Бәйтерек» монументі.

 

2012 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

  

Айналысқа енгізілген күні: 25.04.2012

Өлшемі: 149х79 мм

Бет жағы: басым түстері – көк және күлгін. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – көк және күлгін. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда», Қазақстан картасының сұлбасы.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 04.07.2011

Өлшемі: 149х79 мм

Таралымы: 30 000 000

Бет жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндердің стильдендірілген бейнелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда» (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы, «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» деген жазба, Қазақстан тәуелсіздігі 20 жылдығының логотипі.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 149х79 мм

Бет жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – күлгін және көк. Негізгі бейнелері –Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақорда» (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан ақша айналысынан алынды.

2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан  банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.

 

2003 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 28.07.2003

Өлшемі:149х74 мм

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнесі – Іле Алатауының аясындағы ілбіс.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

Жоғарыға