Құрметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Бактің интернет-дүкенінің пайдаланушылары!
Монеталардың сату бағасын жаңартуға арналған техникалық үзіліске байланысты жұмыс күндері Атана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ден сағат 19:30-ға дейін монеталарды интернет-магазин арқылы сатып алуға мүмкіндік болмайды.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті және банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығаруға айырықша құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарының жеке және заңды тұлғаларға сатылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы, сондай-ақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жеке немесе заңды тұлғамен (бұдан әрі – Сатып алушы) ресімделген Тапсырыс және оның одан әрі орындауға берілуі Сатып алушының Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарымен (бұдан әрі – Тауар), оның қолда бар болуы (қолда жоғы) туралы ақпаратпен жеткілікті және толық танысуын, сондай-ақ Тауарды почта ұйымы – «Қазпочта» АҚ-ның (бұдан әрі – «Қазпочта» АҚ) жеткізуінің белгіленген тарифтерімен және талаптарымен келісуді білдіреді.
Тапсырыс берілген Тауар қоймада болмаған жағдайда, Ұлттық Банк Сатып алушының Тапсырысынан көрсетілген Тауарды алып тастауға құқылы және Тапсырыс тіркелген және (немесе) қалыптастырылған кезде көрсетілген адрес бойынша электрондық хабарлама жіберу арқылы бұл жөнінде хабарлайды.
Тауар жоғалғаны немесе уақтылы жеткізілмегені салдарынан Сатып алушыға келтірілген зиян үшін «Қазпочта» АҚ жауапкершілікте болады.
Тауардың бағасы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында көрсетіледі. Тауардың бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Ұлттық Банк бар мүмкіндігінше бірінші кезекте бұл жөнінде Сатып алушыға Тапсырысты растау не күшін жою үшін хабарлайды. Сатып алушымен байланысу мүмкін болмаған жағдайда осы Тапсырыстың күші жойылды деп саналады. Егер Тапсырысқа ақы төленген болса, Ұлттық Банк Сатып алушыға төленген соманы Сатып алушының шотына оны аудару арқылы қайтарады.
Тауардың интернет-ресурстағы бағасын Ұлттық Банк біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгермеуі тиіс.
Тапсырысқа ақы төлеу «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы төлем карточкасымен жүргізіледі. Ақы төлеудің осы тәсілі банктік карта бойынша ақы төлеуді көздейді. Ақы төлеуге Visa және Master Card жүйесінің карталары қабылданады, олар үшін Сіздің эмитент-банкіңіз Интернетте қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етуі тиіс. Сондай-ақ «Қазкоммерцбанк» АҚ ғана шығарған CirrusMaestro карталары ғана қабылданады.
Назар аударыңыз! Тапсырысты берген және тапсырыс сомасын «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы қолма-қол емес есеп айырысу бойынша төлейтін Сатып алушы төлем карточкасын ұстаушы болуы тиіс, одан сома есептен шығарылатын болады.
Назар аударыңыз! Банктік карталардың барлығы бірдей бастапқыдан Интернетте ақы төлеу операциясына ие емес. Сіздің картаңыз Интернетте қаржы операцияларын жүргізуді қолдайтын-қолдамайтынын білу үшін Өзіңіздің эмитент-банкіңіздің өкілінен кеңес алыңыз. Әдетте, егер карта осындай опцияға ие емес болса, онда бұл мәселе осы Қызметті Сіздің банкіңізде қосуға тиісті өтінімді ресімдеу арқылы шешіледі. Қосу бір рет қана жүргізіледі және ақы төлеудің осындай тәсілін қабылдайтын Интернеттің кез келген ресурстары үшін қолданылады. Нақтылау үшін өз банкіңізге хабарласуыңызды өтінеміз.
Тапсырысты қалыптастыру және ақы төлеу
Сатып алушы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында өзінің жеке кабинетін құра отырып тіркеле алады немесе тіркелмей Тапсырысты бірден қалыптастыра алады. Тіркеу Тапсырыстың тарихын қарауға мүмкіндік береді, оның үстіне міндетті түрде толтыруды талап ететін жолдарда Сатып алушының деректемелері автоматты түрде көрсетілетін болады.
Тапсырысты қалыптастыру үшін ұсынылып отырған тізімнен Тауарды таңдау қажет және монета санын және жеткізілетін қала көрсетілетін (жеткізу құнымен есеп айырысу үшін) «қоржынға өту» батырмасын басу қажет.
Тапсырысты тіркеусіз қалыптастыру кезінде Сатып алушы ақы төлеу алдында мынадай міндетті жолдарды толтыруы қажет:
-
монеталарды алушының атын-жөні
-
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берген)
-
электрондық адресі (төлем жүргізу туралы хабарлама жіберу үшін)
-
монеталарды алушының байланыс телефоны
-
монеталар жеткізілетін нақты мекенжай
Назар аударыңыз! Жоғарыда аталған ақпаратты толтыру кезінде Тауарды «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметінен алушының (сома есептен шығарылатын төлем карточканы ұстаушының) деректемелерін көрсету қажет.
Назар аударыңыз! Сатып алушы дұрыс көрсетілмеген мекенжай үшін жауапкершілікте болады және дұрыс көрсетілмеген мекенжай салдарынан Тауарды жеткізуге байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Тауарды тапсыру 3 реттен кейін тапсырылмағаны үшін «Қазпочта» АҚ белгілеген тарифтерге сәйкес «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі алатын соманы төлейді.
Тауар үшін ақы төлеу жүргізуге арналған міндетті жолдарды толтырғаннан кейін Сатып алушы нағыз ақпаратпен танысуы және жеткізу тарифтерімен және талаптарымен келіскенін нағыз ақпарат сілтемесінің оң жағына белгі қоя отырып растауы қажет. Көрсетілген жолдарды дұрыс толтырған кезде және «Ақы төлеу» батырмасын басқаннан кейін Ұлттық Банктің интернет-ресурсы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның интернет-ресурсына «Е-рау» электрондық төлемі жүйесі арқылы ақы төлеуді жүргізу үшін автоматты түрде жібереді.
«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның интернет-ресурсының «Е-рау» электрондық төлемдері бетінде төлем карточкасының деректерін енгізу қажет. Бетте көрсетілген нұсқаумен жүруіңізді және толтырылуы қажет барлық жолды назар салып тексеруіңізді өтінеміз. Жолдарды дұрыс толтырғаннан кейін «Ақы төлеу» батырмасын басу қажет. Бетте көрсетілген электрондық почтаның адресіне жүргізілген төлем туралы хабарлама келеді. «Сіздің электрондық почтаңыз» жолында Ұлттық Банктің интернет-ресурсында тіркеу кезінде көрсетілген электрондық почтаның адресі көрсетіледі.
Тауарды жеткізу
Сатып алушы таңдаған Тауарды жеткізу құны «Қазпочта» АҚ-ның тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі.
Тауарды жеткізу Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ғана жүзеге асырылады. Жеткізудің құны жеткізу аймағына және Тапсырыстың жалпы салмағына байланысты «Қазпочта» АҚ-ның белгіленген тарифтеріне сәйкес есептелетін болады.
Назар аударыңыз! Тапсырыстың жалпы салмағы автоматты түрде есептеледі және оның ішінде монетаның, қораптың (монетаның қорабы), сатып алынатын монеталардың санына байланысты «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі конвертінің немесе қорабының салмағы ескеріледі. Монетаның санына байланысты конверттің салмағы: 1-3 монетаға арналған конверт 24 гр., 4-7 монетаға арналған конверт 30 гр. Монетаның санына байланысты кораптың салмағы: 8-12 монетаға арналған қорап 88 гр., 13-40 монетаға арналған қорап 230 гр., 41-75 монетаға арналған қорап 322 гр., 76-140 монетаға арналған қорап 468 гр.
Назар аударыңыз! Жеткізу құнына Тауардың жарияланған құнының 1% (бір пайызы) мөлшерінде сақтандыру үшін алынатын сома кіреді.
Жеткізу «Есіктен есікке дейін» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Тапсырысты жеткізудің осы тәсілін «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі жүзеге асырады.
Тапсырысқа «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметінің сәйкестендіру нөмірі тағайындалатын болады, Сатып алушы Тапсырысты Ұлттық Банктің интернет-ресурсында қалыптастырған кезде көрсеткен Сатып алушының электрондық почтасының адресіне сәйкестендіру нөмірі жіберілетін болады. Осы нөмірдің көмегімен «Қазпочта» АҚ-ның интернет-ресурсында «Почта жөнелтілімдерін бақылау» бөліміндегі «Онлайн сервистері» қосымша бетінде Тапсырыс жеткізудің қай сатысында екендігін бақылап отыруға болады.
Әрбір Тапсырыс кассалық чекпен бірге жүреді, Тауарды алған кезде кассалық чектің бар болуына көз жеткізіңіз. Тауарды алуды растайтын құжаттарға қол қоясыз.
Назар аударыңыз! Тауарды алған сәтте Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі Тауарды осы құжат бар болған кезде ғана береді.
Жеткізу «Қазкоммерцбанк» АҚ-нан жүргізілген төлем туралы хабарлама алған күннен бастап 3 күннен 21 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Жеткізуге байланысты сұрақтар/мәселелер туындаса «Қазпочта» АҚ-на хабарласу қажет.
Назар аударыңыз! Сатылған Тауар қайтаруға және ауыстыруға жатпайды. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын жеке және заңды тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы негізінде монетадағы металл салмағының құнына тең сома төленеді.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті және банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығаруға айырықша құқыққа ие бола отырып, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын (бұдан әрі – Тауар) жеке және заңды тұлғаларға сатуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тауарды сатып алуға арналған тапсырыстарды Ұлттық Банктің интернет-ресурсында ресімдеу арқылы Тауарды сатып алу
Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Сатып алушы) ресімдеген тапсырыс (бұдан әрі – Тапсырыс) және оның одан әрі орындауға берілуі Сатып алушының Тауар, оның қолда болуы (болмауы) туралы ақпаратпен жеткілікті түрде және толық танысқанын, сондай-ақ Тауарды пошта ұйымы – «Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қазпочта» АҚ) «Республикалық арнайы байланыс қызметі» филиалының (бұдан әрі – «Қазпочта» АҚ) жеткізу үшін белгіленген тарифтерімен және талаптарымен келіскенін білдіреді.
Тапсырыс берілген Тауар қоймада болмаған жағдайда, Ұлттық Банк Сатып алушының Тапсырысынан көрсетілген Тауарды алып тастауға құқылы және Тапсырысты тіркеу және (немесе) қалыптастыру кезінде көрсетілген мекенжай бойынша электрондық хабарлама жіберу арқылы бұл жөнінде хабарлайды.
Тауардың жоғалуы немесе уақтылы жеткізілмеуі салдарынан Сатып алушыға келтірілген зиян үшін «Қазпочта» АҚ жауапкершілікте болады.
Тауардың бағасы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында көрсетіледі. Тауардың бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Ұлттық Банк мүмкіндігінше бірінші кезекте бұл жөнінде Сатып алушыға Тапсырысты растау не күшін жою үшін хабарлайды. Сатып алушымен байланысу мүмкін болмаған жағдайда, бұл Тапсырыстың күші жойылды деп саналады. Егер Тапсырыстың ақысы төленген болса, Ұлттық Банк Сатып алушыға төленген соманы Сатып алушының шотына аудару арқылы қайтарады.
Тауардың интернет-ресурстағы бағасын Ұлттық Банк біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгермеуге тиіс.
Тапсырыстың ақысын «Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы төлем карточкасымен немесе «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-нің «e-kzt» электрондық ақшасы арқылы төлеуге болады.
«Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы ақы төлеу ақыны банктік картамен төлеуді көздейді. Ақы төлеуге Visa және Master Card жүйесінің карталары қабылданады, олар үшін Сіздің эмитент-банкіңіз Интернетте қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етуге тиіс. Сондай-ақ «Казкоммерцбанк» АҚ ғана шығарған CirrusMaestro карталары ғана қабылданады.
Назар аударыңыз! Тапсырысты ресімдеген және «Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы Тапсырыс сомасын қолма-қол ақшасыз төлейтін Сатып алушы сома есептен шығарылатын төлем карточкасының ұстаушысы болуға тиіс, сома «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-нің «e-kzt» электрондық ақшасы арқылы төленген жағдайда, Сатып алушы сома есептен шығарылатын электрондық әмиянның иесі болуға тиіс.
Назар аударыңыз! Банктік карталардың барлығында бірдей бастапқыдан Интернетте ақы төлеу операциясы болмайды. Сіздің картаңызбен Интернетте қаржы операцияларын жүргізу-жүргізбейтінін білу үшін Өзіңіздің эмитент-банкіңіздің өкілінен кеңес алыңыз. Әдетте, егер картада мұндай опция болмаса, онда бұл мәселе осы қызметті Сіздің банкіңізде қосуға тиісті өтінімді ресімдеу арқылы шешіледі. Қосу бір рет қана жүргізіледі және ақы төлеудің осындай тәсілін қабылдайтын Интернеттің кез келген ресурстары үшін қолданылады. Нақтылау үшін өз банкіңізге хабарласуыңызды өтінеміз.
Тапсырысты қалыптастыру және ақы төлеу
Сатып алушы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында өзінің жеке кабинетін құра отырып тіркеле алады немесе тіркелмей Тапсырысты бірден қалыптастыра алады. Тіркеу Тапсырыстың тарихын қарауға мүмкіндік береді, сонымен қатар міндетті түрде толтыруды талап ететін жолдарда Сатып алушының деректемелері автоматты түрде көрсетілетін болады.
Тапсырысты қалыптастыру үшін ұсынылып отырған тізімнен Тауарды таңдау қажет және Тауар санын және жеткізілетін қала көрсетілетін (жеткізу құнын есептеу үшін) «қоржынға өту» түймесін басу қажет.
Тапсырысты тіркеусіз қалыптастыру кезінде Сатып алушы ақы төлеу алдында мынадай міндетті жолдарды толтыруы қажет:
• Тауарды алушының аты-жөні
• төлқұжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берген)
• электрондық мекенжайы (төлем жүргізу туралы хабарлама жіберу үшін)
• Тауарды алушының байланыс телефоны
• жеткізілетін нақты мекенжай (заңды тұлғалар үшін)
• жеткізілетін нақты мекенжай (жеке тұлғалар үшін)
Назар аударыңыз! Жоғарыда көрсетілген ақпаратты толтыру кезінде Тауарды алушының (сома есептен шығарылатын төлем карточканы ұстаушының) деректемелерін көрсету қажет.
Назар аударыңыз! Сатып алушы дұрыс көрсетілмеген мекенжай үшін жауапкершілікте болады және дұрыс көрсетілмеген мекенжай салдарынан Тауарды жеткізуге байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Тауарды тапсыру 3 реттен кейін тапсырылмағаны үшін «Қазпочта» АҚ белгілеген тарифтерге сәйкес «Қазпочта» АҚ алатын соманы төлейді.
Тауар үшін ақы төлеу жүргізуге арналған міндетті жолдарды толтырғаннан кейін Сатып алушы осы ақпаратпен танысуға және жеткізу тарифтерімен және талаптарымен келіскенін осы ақпарат сілтемесінің оң жағына белгі қоя отырып растауы қажет. Көрсетілген жолдарды дұрыс толтырған жағдайда және «Ақы төлеу» түймесін басқаннан кейін таңдалған ақы төлеу тәсіліне сәйкес Ұлттық Банктің интернет-ресурсы ақы төлеуді жүргізу үшін тиісті интернет-ресурсқа автоматты түрде жібереді.
«Казкоммерцбанк» АҚ-тың интернет-ресурсының «Е-рау» электрондық төлемдері бетінде төлем карточкасының деректерін енгізу қажет. Бетте көрсетілген нұсқауларды орындауыңызды және толтырылуы қажет барлық жолдарды мұқият тексеруіңізді өтінеміз. Жолдарды дұрыс толтырғаннан кейін «Ақы төлеу» түймесін басу қажет. Бетте көрсетілген электрондық поштаның мекенжайына жүргізілген төлем туралы хабарлама келеді. «Сіздің электрондық поштаңыз» деген жолда Ұлттық Банктің интернет-ресурсында тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаның мекенжайы көрсетіледі.
Тауарды жеткізу
Тауар Ресей Федерациясының аумағы бойынша заңды тұлғалар үшін әкімшілік орталықтарға (облыстық, өлкелік, өңірлік орталықтар) дейін «есіктен есікке дейін» схемасымен, жеке тұлғалар үшін «есіктен терезеге дейін» (Арнайы байланыс қызметінің үй-жайларына (бұдан әрі – пошта бөлімшелері) дейін) схемасымен жеткізіледі.
Жеткізу құны жеткізу өңіріне, Тапсырыстың жалпы салмағына, және жеткізу әдісіне қарай «Қазпочта» АҚ-тың белгіленген тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі.
Тауар «Қазпочта» АҚ-тың белгіленген тарифтеріне сәйкес жедел немесе жоспарлы жеткізу әдісімен жеткізілуі мүмкін. Тауарды жедел жеткізу жеткізілетін өңірдің қашықтығына қарай 1 күннен 12 күнге дейін жүзеге асырылады. Жоспарлы жеткізу жеткізілетін өңірдің қашықтығына қарай 2 күннен 19 күнге дейін жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз! Тапсырыстың жалпы салмағы автоматты түрде есептеледі және оның ішінде сатып алынатын Тауардың санына қарай Тауардың, ораудың (футляр), «Қазпочта» АҚ орау қорабының салмағы кіреді. 1-2 монетадан тұратын Тауар үшін орау қорабының салмағы 65 гр., 3-6 монетанікі 112 гр., 7-12 монетанікі 185 гр., 13-20 монетанікі 162 гр. Салмағы 777,5 гр., 1 кг. және 2 кг. монеталар 13-20 монетаға арналған орау қорабына салынады.
Назар аударыңыз! Жеткізу құнына Тауардың жарияланған құнының 2% (екі пайызы) мөлшерінде сақтандыру үшін алынатын сома кіреді.
Тауар «есіктен есікке дейін» схемасы бойынша жеткізілген жағдайда Сатып алушымен көрсетілген байланыс телефондары арқылы алдын ала хабарласады. Тауар «есіктен терезеге дейін» схемасы бойынша жеткізілген жағдайда көрсетілген байланыс телефоны бойынша пошта бөлімшесіне Тауарды жеткізу туралы хабарланатын болады.
Назар аударыңыз! Тауар Сатып алушыға Жеткізушінің өкілінің қатысуымен орауды ашу және салынған бақылау чегін салыстыру арқылы тапсырылады. Әрбір Тапсырысқа бақылау чегі қоса беріледі – Тауарды алу кезінде осы чектің болуына көз жеткізіңіз. Салынған зат бақылау чегіне сәйкес келген жағдайда, құнды жөнелтілім шағымсыз қабылданады. Салынған зат жеткіліксіз болған жағдайда, 3 дана етіп комиссиялық акті жасалады.
Назар аударыңыз! Тауар жоғалған, бүлінген немесе жеткіліксіз болған жағдайда «Қазпочта» АҚ Сатып алушы алдында «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілік атқарады және жоғалған, бүлінген немесе жеткіліксіз болған тауардың құнын төлейді және сақтандыру алымының сомасымен қоса жеткізу үшін төленген соманы қайтарады.
Назар аударыңыз! Тауарды алу сәтінде Сатып алушының төлқұжаты болуға тиіс. Осы құжат болған жағдайда ғана Тауар беріледі.
Жеткізу жүргізілген төлем туралы хабарламаны Ұлттық Банк алған күннен бастап 3 күннен 21 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Жеткізуге байланысты сұрақтар/мәселелер туындаған жағдайда, «Қазпочта» АҚ-қа хабарласу қажет.
Назар аударыңыз! Сатылған Тауар қайтарылмайды және ауыстырылмайды. Тауарды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы негізінде Тауардағы металдың химиялық таза салмағының құнына тең сома төленеді.