Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасының нақты секторында іскерлік ахуалды зерттеу үшін тоқсан сайын аумақтық филиалдары арқылы кәсіпорындар басшыларына пікіртерім өткізеді. Пікіртерімдер бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістерді анықтауға бағытталған: кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныстың өзгеруі, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өзгеруі, кәсіпорындар үшін кредиттік ресурстардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің өзгеруі бойынша кәсіпорындардың нақты мәндері мен күтулері.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бизнес ахуалға зерттеу жүргізуді реттейтін құжат болып табылады.
PMI индексі экономиканың нақты секторындағы жағдайды сипаттайтын озыңқы индикатор болып табылады. Бұл экономикалық үрдістердің динамикасын, бизнес-циклдің маңызды өзгеріс кезеңдерін анықтауға және болжауға мүмкіндік береді. PMI индексі Қазақстан Ұлттық Банкінің кәсіпорындар арасында ай сайын өткізетін сауалнамаларының нәтижелері бойынша дайындалады. Сауалдар кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері бойынша орын алған өзгерістер мен болашақтағы өзгерісіне қатысты ақпараттарды қамтиды.
|