link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру

Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі ЕАЭО шеңберінде бірқатар халықаралық шарттарды жасау және қол қойылған шарттардың күшіне енуіне байланысты жұмыс жүргізуде.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің курстық саясаты жөніндегі консультациялық кеңесі туралы келісім

ЕАЭО туралы шарттың 64-бабының 3-тармағына сәйкес курстық саясатты үйлестіруді орталық (ұлттық) банктердің басшыларынан құралатын жеке орган жүзеге асырады және оның қызметі ЕАЭО шеңберінде жасалған жеке халықаралық шартпен реттеледі.

Бастапқыда орталық (ұлттық) банктер 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің келісілген валюталық саясаты туралы шарттың ережелері ЕАЭО туралы шартқа кірістірілмейтіні туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Валюталық саясат жөніндегі консультациялық комитеттің алтыншы отырысының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы хаттамасының 4-тармағымен орталық (ұлттық) банктер «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің келісілген валюталық саясаты туралы шарттың күшін жою» және «Кеңестің ағымдағы қалпын сақтап қалу» туралы шешімдер қабылданды.

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің келісілген валюталық саясаты туралы шарттың нормалары мен ережелерін кодификациялау мақсатында ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер ЕЭК-пен бірлесе отырып жаңа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің курстық саясаты жөніндегі консультациялық кеңесі (КСКК) туралы келісімнің жобасын әзірледі.

КСКК-ның негізгі міндеттеріне мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері арасында курстық саясат мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, сыртқы шоктардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі инфляциялық үдерістер мен макроэкономикалық тұрақтылығына әсерін әлсірету, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер жатады.

Валюталық құқықтық қатынастарды реттеу және ырықтандыру шараларын қабылдауға қатысты келісілген тәсілдер туралы келісім

Бұл келісім ЕАЭО туралы шарттың 64-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі валюталық құқықтық қатынастарды реттеу мен ырықтандыру шараларын қабылдауға қатысты тәсілдерді анықтайды, оның ішінде ЕАЭО аумағында валюталық операцияларды жүргізу үшін құқықтық жағдайлар туралау.

Келісім:

1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында Тараптар валюталық шектеулер қолданбайтын валюталық операциялардың жабық тізбесін қалыптастыруға;

2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің резиденттері арасындағы валюталық операцияларға қатысты Тараптардың рұқсаттар (лицензиялар) алу туралы және шетел валютасын міндетті түрде сату туралы талаптарды қолданбауына;

3)  резиденттердің ақшалай қаражатын репатриациялау бөлігіндегі талаптарды үйлестіруге;

4) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік және қылмыстық) туралы нормаларды үйлестіруге бағытталған.

Келісімнің жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктері атынан жасалатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі Келісімнің жобасын бойынша мемлекетішілік келісу жұмыстарын жалғастыруда.  

 

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020