Теңгенің номиналды тиімді айырбас бағам индексі (НомТАБ) – теңгенің номиналды айырбас бағамының негізгі сауда әріптес елдердің валюталарына қатысты орташа безбенделген өзгерісінің индексі ретінде есептеледі. Индекстің безбендері ретінде сыртқы сауда айналымындағы елдердің тиесілі үлестері пайдаланылды. НомТАБ индексі теңге бағамының негізгі сауда әріптес елдерінің валюталар тобына өзгерісін айқындауға көмектеседі.
Нақты айырбастау бағам индексі (НАБ) Қазақстандағы және серіктес елдегі инфляция қарқынына түзетілген теңгенің серіктес ел валютасымен номиналды айырбас бағамы болып табылады. НАБ индексі Қазақстандағы және серіктес елдегі тауарлар бағаларының арақатынасын сипаттайтын индикатор болып табылады.
Теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының индексі (НТАБ) Қазақстандағы және сауда әріптес елдердегі инфляция қарқынына түзетілген теңгенің сауда әріптес елдердің валюталарына орташа безбенделген өзгерісінің индексі ретінде есептеледі. Индекстің безбендері ретінде сыртқы сауда айналымындағы елдердің тиесілі үлестері пайдаланылды.
|