link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Валюталық реттеу

Валюталық заңнама
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
Валюталық операцияларды мониторингтеу
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпаратты ұсынуы
Экспорттық-импорттық валюталық бақылау
Валюталық реттеудің сұрақтары

Валюталық операцияларды мониторингтеу

Валюталық операцияларды мониторингтеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден және валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банктерден валюталық операциялар туралы, сондай-ақ шетелдік банктердегі шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады. Мониторинг валюталық операциялар мен капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Есептік тіркеу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктер төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелері мен оның есептік нөмірін көрсеткен кезде жүргізеді.

Есептік тіркеу талаптары капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттардың қатысушылары резиденттер (уәкілетті банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) болған кезде қолданылады.

Есептік тіркеу валюталық шартқа есептік нөмір беруді (валюталық шарттың бірінші парағына қою жолымен, яғни куәлік берусіз) және кейіннен резиденттің ҚРҰБ аумақтық филиалына есептік нөмірді пайдалана отырып, ол бойынша мәліметтер мен есептерді ұсынуды көздейді.

Есептік тіркеу талаптары қолданылатын капитал қозғалысының операциялары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.

Осы операцияларды ірі мөлшердегі капитал қозғалысы операцияларына жатқызудың шекті мәндері Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында белгіленген. Валюталық шарттың сомасы 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеу. Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартта оның сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт есептік тіркелуге тиіс шарт ретінде қарастырылады.

Резидент-заңды тұлғалар шетелдік банктегі (банктер мен шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шоттарына есептік нөмір алу үшін осы шотты пайдалана отырып операциялар жүргізгенге дейін өтініш жасайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі ашқан шоттары туралы хабарламалары талап етілмейді.

Есептік тіркеу мерзімі - құжаттардың толық көлемде ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

Негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысы операциялары жүргізілетін валюталық шартқа есептік нөмір беруге арналған өтініш нысаны.

Шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш нысаны.

Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы-резидент капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өзінің тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлға үшін) не орналасқан (заңды тұлға үшін) жері бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына қағаз тасығышта не Портал («Валюталық шарттарды есептік тіркеу» функционалына құқықты таңдау қажет) арқылы электрондық түрде өтініш пен қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.

Капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт немесе есептік нөмір берілген шетел банкіндегі шот бойынша есептілік Валюталық операциялар бойынша әкімшілік есеп беру нысандар тізбелерінің бөлімінен табылуы және де Портал арқылы электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Толығырақ - Есептерді ААЖ «ҚРҰБ веб-порталының Пилоттық жобасы» арқылы электрондық түрде ұсыну бойынша жадынама.

Уәкілетті банктер эквиваленті 50 мың АҚШ доллары сомасына жүргізілген барлық валюталық операциялар туралы, оның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша  тұрақты есептілік нысанында хабардар етеді.

 


Валюталық реттеу режимдерінің кестесі 2019 жылдың шілдесіне дейін (.xls, 16/06/2016,  51,50 KB)
13.10.19 ж. жағдай бойынша қолданыстағы есептік нөмірлер (.xls, 15/10/2019,  288,29 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы шығарушы-резиденттерінің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.10.2019 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 02/10/2019,  40,50 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы шығарушы-резиденттерінің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2018 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 05/12/2018,  41,00 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2017 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2017,  41,50 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2016 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 01/12/2016,  41,00 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2015 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2015,  41,50 KB)
Валюталық операциялар туралы хабарлау режимін қолдануға арналған Қазақстан Республикасы резидент-шығарушыларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған 01.12.2014 ж. жағдай бойынша қолданыстағы бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәліметтер (.xls, 04/12/2014,  41,50 KB)
  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018