link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» Акционерлік қоғамы

«Қазақстанның Депозиттерге Кепілдік Беру Қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1999 жылы 15 қарашадағы №393 «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамын құру» туралы қаулысына сәйкес Ұлттық банктің 100% еншілес ұйымы ретінде құрылған болатын.

 Қордың миссиясы қаржы жүйесінің тұрақтылығына септігін тигізумен, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

 Негізгі қызметтері

Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:

  • Заңның «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
  • депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
  • өз активтерiн инвестициялайды;
  • кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған арнайы резерв қалыптастырады;
  • конкурстық негiзде агент банктi таңдайды;
  • қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
  • қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
  • тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң тарату комиссиясының құрамына қатысады;
  • тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады;
  • қатысушы банктердің кепілдік берілген депозиттердің есебін жүргізудің автоматтандырылған дерек қорының қосылу Шартында қарастырылған Қордың бірыңғай  талаптарына сәйкес келуін анықтау үшін Кепілдік берілетін депозиттер бойынша автоматтандырылған дерек қорларды жүргізу бойынша қатысушы банктерге талаптар қою.

Кепілдік беру объектілері

Кепілдік беру объектісіне Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері жатады, талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда.

15 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша,

10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,

5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні қалыптасқан валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).

Егер салымшыда бір банкте бір мезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған 2 және  одан көп депозиттері болса, 15 миллион теңгеге дейін кепілдік өтемі төленеді.

       

Басшы:

Төраға – Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы

Байланыс ақпарат:

Достық даңғылы, 136 үй (БО «Pioneer»-3)

050051 Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы

Телефон/Факс: +7 (727) 312-24-49

E-mail: info@kdif.kz 

Website: www.kdif.kz

Салымшылар кеңес алу үшін @kdif_ask Телеграм-чатқа, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКБҚ-ның www.kdif.kz веб-сайтына, info@kdif.kz сауал қалдыра алады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018