link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 «Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Президенті Әкімшілігінің тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасының монеталарын және мемлекеттік наградаларын жасау бойынша мемлекеттік тапсырыстарын орындау үшін құрылды.

Өзінің ұйымдастырушылық дамуында кәсіпорын бірнеше кезеңдерден өтті.

1994 жылы Теңге сарайы (ол кезде әлі түсті металдардан бұйымдар зауыты) Үлбі металлургиялық зауыты құрамынан шығарылып, дербес заңды тұлға болып қайта құрылды. 1998 жылдың қараша айында Қазақстан теңге сарайы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамына енді.

Қызметінің қысқа ғана мерзімінде кәсіпорын үлкен өмір жолын кешіп, қазіргі таңда Теңге сарайының өнімі Республика ішінде кеңінен танымал, сондай-ақ шетелде де жоғары бағалануда. Кәсіпорынға Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және әртүрлі мемлекеттік құрылымдар жүктейтін міндеттерді жоғары тиімділікпен орындауға мүмкіндік беретін жүйе тығыз мерзімде құрылып, іске қосылды.

Теңге сарайында олардың ішіне даярлау, құрал-сайман, гальваникалық, термикалық учаскелер, қалыптау және қысыммен өңдеу учаскесі сияқты әртүрлі технологиялық учаскелер, сондай-ақ қосалқы өндіріс және қоймалар бар. Кәсіпорын Германия және Швейцарияның жетекші фирмалары өнідірісінің жоғары өндіруші жабдықтарымен жабдықталған.

Кәсіпорынның негізгі өнімі еңбектің мұқият ұйымдастырылуын және жұмыс атқарушылардың жоғары біліктілігін талап ететін бұйымдар шығару болып табылады, сондықтан да Теңге сарайы технологиялық тәртіптің жоғары дәрежесіне ие және мемлекеттік қабылдау жағдайында жоғары дәлдіктегі бұйымдар жасау бойынша дәстүрлерге бай кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің түсті металдардан, алтын мен күмістен ұлттық валюта монеталарын (айналымдағы, ескерткіш, коллекциялық) дайындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік наградалар дайындауға тапсырыстарын орындау.

Қазіргі таңда Теңге сарайы Қазақстанды өз сипаттамалары бойынша, мысалы, Еуропада немесе Америкада қолданылатын монеталардан кем келмейтін, ұсақ монеталармен толық қамтамасыз етуде.

Жетекші монета сарайларымен қатар, кәсіпорын алтын мен күмістен «proof» жоғары сапалы коллекциялық монеталар шығарады, сондай-ақ кәсіпорын диаметрі 100 мм және салмағы бір килограмды «proof» сапалы алтын және күміс монеталар сияқты бірегей бұйымдар шығаруды да игерген. Қазақстандық монеталардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі Базель қаласында (Швейцария) жыл сайын өткізілетін монета сарайларының ең беделді көрмесінде сарапшылардың растауына ие болды. 

Кәсіпорынның монеталар, монета дайындамаларын, ордендер мен марапаттау медальдарын, лауазымды тұлғалар мен ведомстволардың белгілерін, тексеру таңбаларын жобалауға және өндіруге істегі ISO 9001:2008 және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету OHSAS 18001:2007 менеджмент жүйелері «TÜV Thüringen e.V.» (Германия) халықаралық органмен сертификатталған.

Қазақстан теңге сарайы шығаратын мемлекеттік ордендер мен медальдар зергерлік өнердің лайықты үлгілері болып табылады.

Отандық тауарлар нарығын жаңадан құрудың мемлекеттік бағдарламасына және импортты алмастыру саясатына сәйкес Теңге сарайында орнын басушы өндірістер де жоспарлы дамуда. Мысалы, ас үй күмісі, әскери фурнитура, төсбелгілер, күміс электр түйіспелері, өкілеттік кәдесыйлар, таңбалар мен мөрлер өндірісі.

Директор - Транов Александр Юрьевич

Мекенжайы: 070005, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қ., Абай д-лы,  102/1
тел. +7 (7232) 75-33-50, 75-28-77
факс +7(7232) 75-15-80
e-mail: admin@kmd.kz
Интернет-ресурс: http://www.kmd.kz
 


 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018