http://nationalbank.kz

«Invest Online» дегеніміз не?

жарияланым күні: 30/03/2018 өзгерту күні: 30/03/2018 10:55

«Invest Online» Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалы қағаздарға инвестиция жасауға мүмкіндік беретін арнайы дайындалған өнім (мобильді қосымшаны ескере).

Жоба аясында 2018 жылдың 27 наурызында халыққа арналған Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарының 50 млрд. теңге көлемінде алғашқы эмиссиясы жүзеге асырылды. Бір нот номиналды бағасы – 100 теңге, орналастыру уақыты – 1 жыл, кірістілік мөлшерлемесі – жылына 8,5%.

Жүйеде қызмет алу, тіркелу тегін және қашықтықтан қолжетімді. Жүйе тәулік бойы жұмыс жасайтындықтан ноттарды кез-келген уақытта сатып алуға мүмкіндік бар. Ноттарды сатуды күнделікті есептелінген сыйақыны ала отырып жүргізуге болады.

Жүйеде бағалы қағаздармен жүргізілген операцияларды есепке алу және операциялар бойынша меншік құқығын растау үшін «блокчейн» технологиясы қолданып, бағалы қағаздармен есептер жүргізу мақсатында Ұлттық Банк электронды ақша шығарды.

 

Веб-сайтқа  www.investonline.kz адресі бойынша өте аласыз.

Google Play Market-тен жүктеу сілтемесі: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.bsb.bsbmobile.enotes

AppStore-ден жүктеу сілтемесі: https://itunes.apple.com/kz/app/invest-online/id1232340566?mt=8

 

Тіркелу.

Қазақстан Республикасының азаматы мобильді қосымша не «Invest Online» жүйесінің ресми  интернет-ресурсын (www.investonline.kz) пайдаланып, келесі үш тәсіл бойынша  қашақтықтан жүйеде тіркеле алады:

1) ХҚКО-нан алынған электронды цифрлі қолтаңбаны пайдалана;

2) ЖСН мен «БЖЗҚ» АҚ жеке кабинетінің кілттік сөзін енгізу арқылы (потенциалды сатып алушы «БЖЗҚ» АҚ электронды қызметтерінің қолданушысы болған жағдайда);

3) потенциалды сатып алушының Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде бұрын ашылған шоты болған жағдайда осы шот нөмірін енгізу арқылы.

Тіркелуден соң клиентке автоматты түрде Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде бағалы қағаздар есебі жүргізілетін шотпен қоса бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша есеп жүргізілетін электронды әмиян ашылады.

 

Электронды әмиянды толтыру.

Электронды әмиянды комиссиясыз төлем карточкасын пайдалана толтыруға болады (мобильді қосымша мен веб-нұсқада деректемелерді енгізу керек, содан соң төлем карточкасы автоматты түрде сіздің электронды әмияныңызға байланады). Толықтыруды қолма-қол ақшаны төлем терминалдары арқылы электронды ақша жүйесі  E-KZT жүйесі пайдасына енгізе өткізу мүмкіндігі бар.

 

Call-орталық.

Жүйе жұмысы бойынша сұрақтар болған жағдайда 8-800-080-86-68 телефоны бойынша Call-орталыққа хабарласа не investonline@csd.kz электронды поштасы бойынша хабарлама жібере аласыз.