Размер шрифта :
A
A
A
Цвета :
Ц
Ц
Ц
Ц
link
ҚАЗ РУС ENG Обычная версия
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ғарыш

жарияланым күні: 20.01.2009

Ғарыш

2006 жылғы 28 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

    

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ғарыш кеңістігінің және әлем тылсымын ұғынуға ұмтылған ғарышкердің суреті бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҒАРЫШ», орыс тілінде «КОСМОС» деген жазба, төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «SPACE» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.


Тұңғыш жасанды жер серігі

2007 жылғы 4 мамырда айналысқа шығарылды.

     

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның аударым жағының (реверсінің) орталығында алғашқы жасанды жер серігі жер реңінде бейнелеген. Төменгі секторында «1957-2007» сандары жер орбитасына алғашқы жасанды жер серігін жіберу мерзімі және оның жасалған жылы көрсетілген. Айналым жақтарында мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІГІ» және ағылшынша «THE FIRST SPACE SATELLITE OF THE EARTH» жазбалары жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.


«Восток» ғарыш кемесі

2008 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

       

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада Жер шары ғаламының аясында «Восток» ғарыш кемесінің суреті орналасқан. Жоғарғы бөлігінде алтын қондырмадан жасалған Айдың суреті орналасқан. Төменгі бөлігінде «Восток» ғарыш кемесінде адамның ғарышқа тұңғыш ұшырылған жылын білдіретін «1961» деген сан жазылған. Айна������дыра мемлекеттік тілде «ВОСТОК» ҒАРЫШ КЕМЕСІ», ағылшын тілінде «SPACESHIP «VOSTOK»  деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.


«Союз-Аполлон» ғарыш кемелері» 

2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған.

      

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде сынақ ретінде бірлескен ұшу бағдарламасы бойынша жер төңірегіндегі кеңістікте түйісуді жүзеге асырған  «Союз-19» кеңестік ғарыш кемесінің және «Аполлон» американдық ғарыш кемесінің бейнесі орналастырылған. Айналдыра «СОЮЗ-АПОЛЛОН» деген жазу мемлекеттік тілде жазылған, бірлескен сынақ ретінде ұшу бағдарламасының эмблемасы, ағылшын тілінде «SOYUZ-APOLLO» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.

«Луноход - 1»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы  5 тамызда айналысқа шығарылды

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жұлдызды аспанның және Жер планетасының аясында ай бетінің ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі бағдарламаны орындау барысындағы алғашқы ай бетінде өздігінен жүретін аппарат (планетоход) – Лунаход-1 бейнеленген. Төменгі жағында планетоходтың Айдың бетіне жеткізілген жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1970-2010» деген сандар бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЛУНОХОД-1» деген жазу және ағылшын тілінде «LUNOKHOD-1» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы –  50 мың дана.

«Тұңғыш ғарышкер» 

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағына (аверсіне) ортада адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» орналасқан. Номиналдан төмен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.  

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада ғарышқа ұшқанына 2011 жылы 50 жыл толатын тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің бейнесі. Сол жақ бөлігінде – «Восток» жер серігі кемесінің суреті жер шарын қоршаған орбитада бейнеленген, ғарышқа Жерден тұңғыш рет адам ұшырылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1961-2011» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР» деген жазу, Ю.А.Гагариннің қолтаңбасының бейнесі және орыс тілінде «ПЕРВЫЙ КОСМОНАВТ»  деген жазба.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.  

«Мир» ғарыш станциясы»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер орбитасының жанындағы «Мир» ғарыш станциясының бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде – «Мир» станциясының эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «МИР» ҒАРЫШ СТАНЦИЯСЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және ағылшын тілінде «SPACE STATION «MIR» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.  

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018