link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Мүлікті жария ету
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Шығыс күнтізбесі

жарияланым күні: 28.03.2011

«Қоян жылы»  

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың пішіні он екі қырлы.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба  «Ag 925 31,1 gr.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2011 жылдың символы – қоян бейнеленген. Қоянның үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі  – 38,61мм,  дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана. 

«Ұлу жылы» 

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың пішіні он екі қырлы.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба  «Ag 925 31,1 gr.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте айдаһар бейнеленген – шығыс күнтізбесі бойынша  2012 жылдың символы. Айдаһардың үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі  – 38,61мм,  дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана. 

«Жылан жылы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 23 қарашада айналысқа шығарылды

   

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифтік символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын  «Ag 925 31,1 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2013 жылдың символы – жылан бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне - монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

 Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі  – 38,61мм,  дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана.  


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2016