link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Адамдар

жарияланым күні: 20.01.2009

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы құрметіне арналған монета

Жамбыл Жабаев Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосты.
"Халық поэзиясының ақылгөй алыбы Жамбыл нағыз халық туындысының алтын арқауын өткен ғасырдың ортасынан, халық творчествосының қайнаулары мен тереңінен бізге жеткізді." (М.Әуезов).

Ол әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны болуымен қатар азаматтық тақырыпты жырлаған ақын.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағының (реверс) орта тұсында - Жамбыл Жабаевтың домбыра ұстап тұрған портреті бейнеленген. Оң жақ жоғары бөлігіне айналдыра "ЖАМБЫЛ" деп жазылған. Портреттің оң жағындағы бос орынға екі жолға "150 ЖЫЛ" деген жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде монетаның жасалған жылы "1996" деп көрсетілген.

Қыры (гурт) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы - 100 мың дана.


Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған монета.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы. Көптеген басқа тілдерге аударылған "Абай жолы" төрт томдық роман-эпопеясы оны дүниежүзіне танытты. М.О. Әуезов әрі драматург, әрі сыншы, әрі роман жазушы, әрі ғалым-әдебиеттанушы.

1997 жылды ЮНЕСКО - біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы - М.О.Әуезов жылы деп жариялады.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверс) ортада Мұхтар Әуезовтің тіке қарап отырған портреттік бейнесі орналастырылған. Портреттің сол жағында - "1897" жазушының туған жылы, оң жағында - монетаның шығарылған жылын білдіретін "1997". Төменгі жағында жарты шеңберге "МҰХТАР ӘУЕЗОВ" деген жазу орналастырылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.


Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған монета

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Қ.И. Сәтбаев өзінің кемеңгерлігі мен еңбегі арқылы іс жүзінде Қазақстан геологтарының мектебін құрып, басшылық жасады және геология ғылымының дамуына зор ықпал етті.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (ревер) сол жақ тұсына академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың суреті бейнеленген. Суреттің оң жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деп жазылған. Төменгі жағына "Қ.И. Сәтбаев" деген жазу және "1999" деп монета шығарылған жыл жарты шеңбер жасай жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.


С. Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2000 жылғы 24 сәуірде айналысқа шығарылды.

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик. С. Мұқановтың шығармашылығында "Өмір мектебі" деп аталатын әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған қазақ халқының жарты ғасырлық тарихы баяндалатын өмірбаяндық трилогиясы ерекше орын алады.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсі) оң жақ тұсына Сәбит Мұқановтың суреті бейнеленген. Суреттің оң жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деп жазылған. Сол жақ бөлігіне жартылай шеңбер бойымен бірте-бірте үлкейе беретін әріптермен "СӘБИТ МҰҚАНОВ" деп жазылған. Төменгі жағына монетаның соғылған жылын білдіретін "2000" саны жазылған.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


Ғ. Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2003 жылғы 22 наурызда айналысқа шығарылды.

Ғабит Мүсірепов (1902-85) - жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974). "Қазақ солдаты" (1949), "Оянған өлке" (1953), "Ұлпан" (1976) романдары; повестер мен әңгімелер жинағы, оның ішінде "Кездеспей кеткен бір бейне" (1967), "Батырдың биік тұлғасы" (1975); пьесалары.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Ғабит Мүсреповтің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына - "1902" туған жылын және оның астына - "2002" металл ақшаның соғылған жылын білдіретін сандар орналастырылған. Сол жақ бөлігінде айналдыра "ҒАБИТ МҮСРЕПОВ" деген жазу бар.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


Ғ. Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2002 жылғы 29 қарашада айналысқа шығарылды.

Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақ жазушысы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1958). "Шығанақ" (1945), "Қарағанды" (1952), "Дауылдан кейін" (1959) романдары; "Көз көрген" (1963,1-б.) өмірбаяндық романы бар.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына "1902" - туған жылын және оның астына "2002" - монетаның соғылған жылын білдіретін сандар орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра жазылған "ҒАБИДЕН МҰСТАФИН" деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігіне жазушының қол қою үлгісі орналастырылған.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


Махамбет Өтемiсұлының туғанына 200 жыл толуына арналған монета.

2003 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 ж.ж.) - қазақтың ақыны. И. Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушы. Оның өлеңдері мен поэмалары халықты хандардың және патша өкіметінің езгісіне қарсы күреске шақырады.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігі��де "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың көрнекті импровизатор ақыны Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерекесіне арналған ресми эмблема  бейнеленген. Эмблеманың оң жағына - Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі, монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" саны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі  орналастырылған.  Айналдыра шығыңқы жиекпен көмкерілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


Ә. Қастеевтің  туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2004 жылғы 31 тамызда айналысқа шығарылды.

Әбілхан Қастеев (1904-1973 ж.ж.) – суретші, графика шебері, қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Автор екі мыңнан астам картиналар, акварельдер мен суреттер салған, Қазақстанның ХХ ғасырдағы көркемөнер шежіресіне өзіндік үлес қосқан.

   

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Қазақстанның халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеевтің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деген жазу орналастырылған. Портреттің оң жағына суретшінің қылқаламдарымен бірге бояу тақтайшасы бейнеленіп, оның жоғарғы жағына монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны орналастырылған. Жоғарғы бөлігіне шеңбер бойына мемлекеттік тілде  "Ә. ҚАСТЕЕВ" деген сөздер жазылған. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


Ә. Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2004 жылғы 15 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Академик Әлкей Марғұлан дала өркениетінің, Қазақстанның археологиялық ғылымын ғылыми тұрғыдан зерделеудің негізін қалаушы болып табылады. Марғұланның аты әлемнің көрнекті археологтары мен этнографтарының қатарында орын алған. Ғалым Қазақстан туралы гуманитарлық ғылымды дамытуға, қазақ халқының өзіне тән мәдениетін және дүниетанымын зерделеуге зор үлес қосты. ЮНЕСКО шешімімен 2004 жыл Марғұлан жылы болып жарияланды.

   

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) сол жақ бөлігіне академик Әлкей Марғұланның бейнесі салынған. Портреттің сол жағына мемлекеттік тілде «Ә. МАРҒҰЛАН» деген жазумен айналдыра жиектеліп, екі жолға "100 ЖЫЛ"  деген жазу, жартасқа салынған суреттің стильденген бейнелері және  монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны орналастырылған. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.


А. Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың  оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген нота желісі аясында Қазақ ССР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҒА академигі, композитор Ахмет Жұбановтың бейнесі орналастырылған. Портреттің оң жағында – «1906» туған жылы жазылған және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Төменгі секторда дөңгелектің бойымен  мемлекетілде «АХМЕТ ЖҰБАНОВ» деген жазу жазылған. Айналдыра – шығыңқы жиек.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,   массасы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.


Т. Бәсеновтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2009 жылғы 25 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбадан сол жақта монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, оң жақта «ҚҰБ» деген жазба орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) оң жақта архитектор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура академиясының корреспондент мүшесі Төлеу Құлшаманұлы Бәсеновтің бейнесі орналасқан. Бейненің сол жағында архитектуралық  элемент және мемлекеттік тілде «100 ЖЫЛ» және «ТӨЛЕУ БӘСЕНОВ» деген жазулар орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 7 қаңтарда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында  «ҚҰБ»  аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың қырынан кескінделген бейнесі. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. ҚОНАЕВ» деген жазу, төменгі бөлігінде – туған жылы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «1912-2012» деген сандар орналасқан.  Айналдыра моншақ тәріздес доға және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018