link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Бахмутова Елена Леонидовна

жарияланым күні: 31.01.2008

Қазақстан   Республикасы Қаржы нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау   агенттігінің  Төрағасы

            1962 жылы 27 ақпанда Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келді. Алматы халық шаруашылығы институтының түлегі.

Еңбек жолын 1983 жылдан бастады және 1993 жылға дейін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда әртүрлі қызмет атқарды.                  
            1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық ап-паратында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментін басқарды.
            2001 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

2002 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Жинақ-таушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры болып  жұ-мыс істеді.
            2002 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Қар-жылық қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.2004 жылғы қаңтар-дан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2008   жылғы   қаңтардан   бастап    Қазақстан   Республикасы Қаржы нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау   агенттігінің  Төрағасы   болып  тағайындалды.

    Мемлекеттік наградалар:

2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы қарсаңында еңбек қатынастарындағы жетістіктері және халықтың әлеуметтік қорғауын ұйымдас-тырғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.

2005 жылы мемлекеттің конституциялық негіздерінің тұрақталуына және дамуына қомақты үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы-ның 10-жылдығын атап өтуіне байланысты «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2006 жылы мемлекетке сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қомақты үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017