link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  
жарияланым күні: 01.08.2018
(doc 62,50 KB)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Төрағасының 2018 жылғы

«31» шілдедегі № 294 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Ұлттық Банкте жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейді.

2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – жеке қабылдау) Ұлттық Банк Төрағасы, оның орынбасарлары, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесінде (бұдан әрі – Жеке қабылдау кестесі) айқындалған күндері және сағатта жүзеге асырады.

3. Жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын тоқсан алдындағы айдың онына дейін жасалады.

4. Ұлттық Банк Төрағасының және оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесін ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) жасайды, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларымен келісіледі және Ұлттық Банк Төрағасына не оның міндеттерін атқаратын адамға бекітуге ұсынылады.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының және оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесін аумақтық филиалдың басшы айқындаған бөлімшесі (қызметкері) (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жасайды, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы директорының орынбасарларымен келісіледі және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысына не оның міндеттерін атқаратын адамға бекітуге ұсынылады.

5. Жеке қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың аты-жөні, қабылдау күндері мен сағаты көрсетілген жеке қабылдау кестесі Ұлттық Банктің ғимараттарында жалпыға көрінетін қолжетімді жерлерде, сондай-ақ Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

6. Жеке қабылдау алдын ала жазылу бойынша жеке қабылдауға өтініш жасаған адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) аты-жөнін, телефон нөмірін, өтініш беруші жауап алғысы келетін сұрақтарды көрсете отырып жүзеге асырылады.

7. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу күн сайын, жұмыс күндері жүргізіледі және жеке қабылдауға шақырылатын адамдар тізімін қалыптастырғанға дейін 3 (үш) күн бұрын аяқталады.

8. Жеке қабылдау өтініш берушінің назарына жеткізілген белгіленген күндері және сағатта жүргізіледі. Жеке қабылдауды өткізу күні мен уақыты туралы өтініш берушіге ол көрсеткен телефон нөмірі бойынша телефон байланысы арқылы хабарланады.

9. Өтініш беруші ол үшін белгіленген уақытта және күні келмеген жағдайда, жеке қабылдауға қайтадан алдын ала жазылу өтініш беруші қайтадан өтініш жасаған жағдайда ғана жүзеге асырылады және Тәртіптің 6-тармағына сәйкес жүргізіледі.

10. Ұлттық Банктің орталық аппаратында жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды уәкілетті бөлімше (Ұлттық Банктің аумақтық филиалында – жауапты бөлімше) жүзеге асырады.

11. Мына адамдар:

1) өтініш берушінің қайта жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Ұлттық Банк Төрағасы бұрын жеке қабылдаған;

2) өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолы қойылған, Ұлттық Банктің жауабын алған адамдар Ұлттық Банк Төрағасының жеке қабылдауына жазыла алмайды.

12. Мына адамдар:

1) өтініш берушінің қайта жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Ұлттық Банк Төрағасы, сондай-ақ оның орынбасарлары бұрын жеке қабылдаған;

2) өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолы қойылған, Ұлттық Банктің жауабын алған адамдар Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарларының жеке қабылдауына жазыла алмайды.

13. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін ақпарат дайындау қажет болған кезде уәкілетті бөлімше өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш беру мәніне (мәселелеріне) қарай Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне (аумақтық филиалының бөлімшелеріне) және/немесе ұйымына өтініш берушінің сұрағын (сұрақтарын) жібереді.

14. Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің (аумақтық филиалдарының) және/немесе ұйымдарының басшылары  материалдарын, хат-хабар алмасуын және өзге де қажетті құжаттарды (бар болса) қоса бере отырып өтініш берушінің сұрақтары бойынша ақпарат (жауаптар) дайындауды жүзеге асырады, ол сұрату алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті бөлімшеге ұсынылады.

15. Уәкілетті бөлімше жеке қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға оны қызықтыратын мәселелерді көрсете отырып өтініш беруші туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тәртіптің 14-тармағына сәйкес алынған ақпаратты жеке қабылдауды жүргізу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

16. Өтініш берушілерді қабылдау Тәртіптің 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын алдын ала жазылу бойынша кезектілік тәртібімен жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталғандар, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар ол тәртіпке кірмейді, олар кезектен тыс, Жеке қабылдау кестесіне сәйкес қабылданады.

17. Жеке қабылдау өтініш беруші ұсынған, оның жеке басын куәландыратын құжат негізінде, ал өтініш берушінің атынан басқа адамдар өтініш жасаған кезде – өтініш берушінің мүдделерін білдіруге өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат) негізінде жүзеге асырылады.

 18. Тәртіптің 2-тармағына сәйкес жеке қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалар, оның ішінде олардың міндеттерін атқаратын адамдар болмаған жағдайда (іссапар, еңбекке жарамсыздық парағы, демалыс және басқасы), жеке қабылдау күні өтініш берушіге хабарлай отырып басқа күнге ауыстырылуы мүмкін не жеке қабылдауды олардың орынбасарлары жүзеге асыруы мүмкін.

 

2. Ұлттық Банк Төрағасының және оның орынбасарларының жеке қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

 

19. Ұлттық Банк Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес айына бір реттен кем емес жүргізеді.

20. Ұлттық Банк Төрағасы:

1) өтініш берушінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарының, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалы, орталық аппаратының бөлімшелері, ұйымдары басшыларының қолы қойылған Ұлттық Банктің жазбаша жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда;

2) Ұлттық Банктің филиалдары, орталық аппаратының бөлімшелері, ұйымдары басшыларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдар бойынша;

3) Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізеді.

  21. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары:

1) өтініш берушінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы Ұлттық Банк филиалы, орталық аппаратының бөлімшелері, ұйымдары басшыларының қолы қойылған Ұлттық Банктің жазбаша жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда;

2) Ұлттық Банктің филиалдары, орталық аппаратының бөлімшелері, ұйымдары басшыларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдар бойынша;

3) Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізеді.

22. Жеке қабылдауға Ұлттық Банк Төрағасының және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады (жеке қабылдау кезінде қарастырылатын мәселелердің мазмұнына қарай). Шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды жеке қабылдау кезінде қажет болған жағдайда аудармашы қатыса алады.

23. Ұлттық Банк Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдау жүргізген күні уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің әкімшілік ғимаратында кіру режимін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін Ұлттық Банктің құқықтық актісіне сәйкес өтініш берушілердің Ұлттық Банктің орталық аппаратының ғимаратына кіруін қамтамасыз етеді.

 

3. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының және оның орынбасарларының жеке қабылдау жүргізу тәртібі

 

24. Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы, сондай-ақ оның орынбасарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес айына бір реттен кем емес жүргізеді.

25. Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы және оның орынбасарлары жеке қабылдауды елді мекендерге, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға шыға отырып жүргізе алады.

26. Мына адамдар:

1) қайта жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселелер бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам бұрын қабылдаған;

2) жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның қолы қойылған жазбаша жауапты бұрын алған  өтініш берушілер аумақтық филиал басшысының жеке қабылдауына жазыла алмайды.

27. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін жеке қабылдауға жазылған жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің тізімін жеке қабылдауды жүргізу күніне дейін 1 (бір) күн бұрын жауапты бөлімше құзыретіне өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселелерді қарау жататын, Ұлттық Банктің аумақтық филиалының бөлімшелері өкілдерінің жеке қабылдауда болу қажеттілігін айқындау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшылығына алдын ала қарауға жіберіледі.

28. Ұлттық Банк филиалдарының басшыларына жеке қабылдауға өтініш берушілерді алдын ала жазу аяқталғаннан кейін жеке қабылдауға жазылған жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің тізімі Ұлттық Банктің аумақтық филиалының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына ақпарат дайындау үшін (қажет болған жағдайда) жіберіледі.

29. Жеке қабылдауға Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатыса алады (жеке қабылдау кезінде қарастырылатын мәселелердің мазмұнына қарай).

30. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы жауапты бөлімшесінің қызметкері аумақтық филиал басшысы, оның орынбасарлары жеке қабылдау жүргізген күні Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында кіру режимін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін Ұлттық Банктің құқықтық актісіне сәйкес өтініш берушілердің Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ғимаратына кіруін қамтамасыз етеді.

 

4. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алу, тіркеу және қарау

 

31. Жеке қабылдау нәтижелері «Электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесінде «жеке қабылдауда» белгісін қоя отырып электрондық тіркеу бақылау карточкасын (бұдан әрі – ЭТБК) тіркеу арқылы көрсетіледі.

 32. ЭТБК-да тиісті деректемелер толтырылады, құжаттар файлдары (бар болса) қоса беріледі және өтініш алушы алған ауызша жауаптың тиісті жазбасы қойылады.

33. Өтініш беруші жеке қабылдаудан кейін өз өтінішін жазбаша нысанда ресімдеген жағдайда, уәкілетті бөлімше (филиалдарда – жауапты бөлімше) жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен оны «Электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

34. Өтініштерді есепке алуды және жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін бақылауды Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі (Ұлттық Банк филиалында – жауапты бөлімше) жүзеге асырады.

35. Өтінішке лауазымды тұлға қабылдау кезінде рұқсат бермеген жағдайда, ол жазбаша нысанда жазылып, онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

36. Жеке қабылдаудан келіп түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

37. Өтініш берушіге қол қойылған дәлелді жауап жеке қабылдаудан келіп түскен жазбаша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

Лауазымды тұлғаның өтініш берушіге жеке қабылдауда ұсынылған түсініктемесі ауызша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

38. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге тәртібі көзделмесе, жеке қабылдау кезінде берілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

39. Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі Ұлттық Банк басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың бекітілген кестесін және нәтижелері туралы ақпаратты белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайынғы негізде дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018