link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймалары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылы халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бойынша бағдарламаның іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылады - Қазақстан Халық Банкі, Еуразиялық банк және Цеснабанк. Бағдарламаның бастапқы кезеңінің шеңберінде құймаларды сатып алуға және сатуға болатын әзірге тек төрт қала анықталған. Бұл – Астана, Алматы, Өскемен және Атырау. Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып оларды екінші деңгейдегі банктердің кері сатып алу мүмкіндігі болып табылады.

Алтын құймалар төрт түр бойынша ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың жылтыр беті, микромәтін және бедерлі қыры) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылу-ашылмауын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.

Құймалардың бет жағындағы бейнелер:

Жоғарғы бөлігінде - бұғының сұлбасы, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазбалар.

Құйманың ортасында «АЛТЫН» жəне «ЗОЛОТО» жазбалары орналасқан, жоғарғы бөлігінде салмағы жəне төменгі бөлігінде металдың тазалығын білдіретін 999,9 цифры бейнеленген.

Төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының логотипі жəне құйма нөмірі орналасқан.

Құймалардың сырт жағындағы бейнелер:

Жоғарғы бөлігінде - Ұлттық Банктің логотипі.

Ортасында - қанатты барыстың стильдендірілген сұлбасы бейнеленген.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорғаныш орау құйманың сапа сертификаты болып табылады. Ұқыпты сақтау қажет. Орауды ашуға болмайды!

 

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 10 грамм

 

 

  • Массасы: 10 гр.
  • Ені: 15 мм
  • Ұзындығы: 25,8 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Буклетті жүктеп алу

 

 

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 20 грамм

 

 

  • Массасы: 20 гр.
  • Ені: 17,4 мм
  • Ұзындығы: 30 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Буклетті жүктеп алу

 

 

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 50 грамм

 

 

  • Массасы: 50 гр.
  • Ені: 22 мм
  • Ұзындығы: 37,9 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Буклетті жүктеп алу

 

 

Тазартылған алтынның өлшеуіш құймасы салмағы 100 грамм

 

 

  • Массасы: 100 гр.
  • Ені: 32 мм
  • Ұзындығы: 55 мм
  • Металл: Алтын
  • Сынамасы: 999,9

Буклетті жүктеп алу

 


  
Халыққа арналған тазартылған алтын өлшеуіш құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы (.pdf 01/07/2017,  459,86 KB)
Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы туралы (.pdf 31/05/2017,  498,45 KB)

1 грамм алтынның теңгедегі құны 15-12-2017

1 грамм алтынның теңгедегі құны 13 520,21
132.39 

*Есептеу кезінде Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) бір трой унция үшін белгілеген АҚШ долларындағы алтынның таңертеңгі фиксингі және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы пайдаланылады.


Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
1 грамм алтынның теңгедегі құны
15-12-2017
13 520,21
132.39 
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017